Алматы. 17 тамыз. 7kun.kz – Әуе компаниялары 6 айда 4,6 миллион жолаушыны тасымалдады, деп хабарлайды ИДМ баспасөз қызметі.
2018 жылдың 7 айында әуе көлігінің жолаушылар тасымалы 15%-ға өсті. Жыл басынан бері әуе компаниялары 4,6 миллион адамды тасымалдаған. 2017 жылдың осы кезеңінде 4,0 млн адам әуе көлігінің қызметін пайдаланған болатын.
Болжамды мәліметтерге сәйкес, 2018 жылдың қаңтар-шілдесінде Қазақстан Республикасының әуежайлары 7,7 млн адамға қызмет көрсетті, бұл 2017 жылғы осы кезеңімен салыстырғанда (6,9 млн адам) 11% -ға артық.