Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Волонтерлердің цифрлық паспорты енгізілуі мүмкін

Волонтерлердің цифрлық паспорты енгізілуі мүмкін

Бүгін Астанада өткен Волонтерлер форумында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев волонтердің цифрлық паспортын жасау туралы ұсынысты қолдайтынын мәлімдеді.

Президент волонтерлік қызметте жаңа технологияларды кеңінен қолдану қажеттігін атап өтті.

– Волонтерлік қызметте жаңа технологияларды кеңінен пайдалану керек. Мен Жолдауымда Қазақстан үш жыл ішінде толық цифрлық ел болуға тиіс деген міндет қойдым. Осы бағытта нақты жұмыс жүргізіліп жатыр, – деді Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, ел өмірінің барлық саласына, соның ішінде жасанды интеллект жүйелері белсенді енгізілуде. Еріктілер қозғалысы да бұл үдерістен тыс қалмауы тиіс.

Мен волонтердің цифрлық паспортын жасау туралы ұсынысты толық қолдаймын, – деді президент.

Ұқсас материалдар