Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Жаңа Конституцияға сәйкес заңнамалар жаңартылады – Олжас Бектенов

Жаңа Конституцияға сәйкес заңнамалар жаңартылады – Олжас Бектенов

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов жаңа Конституцияны жүзеге асыруға арналған нақты шаралар жоспары жақын арада бекітілетінін мәлімдеді.

Премьер-министрдің айтуынша, 7 сәуірге дейін Конституцияны ілгерілету жоспары қабылдануы тиіс. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, құжатты 1 сәуірге дейін Үкімет Аппаратына енгізуі керек.

Сонымен қатар бірқатар заңдар мен нормативтік актілерді Қазақстан Конституциясы талаптарына сәйкестендіру жоспарланып отыр. Атап айтқанда:

  • «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы»;

  • «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» жаңа конституциялық заңдар қабылдануы қажет.

Бұл заң жобаларын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі 15 сәуірге дейін әзірлеп, Үкімет қарауына ұсынуы тиіс.

Бұдан бөлек, Конституцияға сәйкес кейбір өңірлер үшін «қарқынды дамитын қала» арнайы құқықтық режимін енгізу мүмкіндігі қарастырылып отыр. Осы ретте Парламентте Алатау қаласының ерекше мәртебесі туралы заң жобасын жедел қарау тапсырылды.

Премьер-министр сондай-ақ Мемлекет басшысы Конституцияны іске асыру жөніндегі жарлыққа қол қойғанын атап өтіп, барлық мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік секторға жоспарды сапалы әрі толық орындау міндетін жүктеді.

Ұқсас материалдар