Кеген ауылындағы балалар өнер мектебі 2015 жылы құрылған. Бүгінгі таңда мектепте 44 педагогтың басшылығымен 890 оқушы білім алуда. Олар 3 бағыт, 9 мамандық бойынша білім алады. Домбыра, баян, қобыз, дәстүрлі ән, эстрада-вокал, фортепиано, хореография, бейнелеу және мүсін, бейнелеу және графика, қолөнер және ағаш бұйымдарын жасау, сәндік қолданбалы өнер, сонымен қатар түрлі үйірмелердің бағыттары бойынша жұмыс істейді.
Өнер мектебінің жұмысына сұраныс айтарлықтай, қазіргі кезде бала саны 890 оқушыға жеткен. Сондай-ақ, биылғы оқу жылында аудандағы әр елді мекендерінен бөлімшелер ашылып, оқушылар білім алуда. Атап айтқанда Жалағаш, Жылысай, Ұзынбұлақ, Ақсай, Жалаулы, Тұйық, Қарқара, Бөлексаз, Талды, Шырғанақ, Тасашы ауылдық интернаттағы балаларды қосымша білімге тартып салт-дәстүрге, өнерге деген құлшыныстарын арттырып, әр түрлі мамандық бойынша білім алып келеді. Сонымен қатар, биылғы оқу жылында Шырғанақ ауылынан ата – аналардың сұранысы бойынша домбыра сыныбы ашылды.
Мектептің оқушылары байқауларға қатысып, жеңіпаз болуда. Мысалы, халықаралық байқаулардан – 38 оқушы, Республикалық байқаулардан – 176, облыстық байқаулардан – 158, аудандық байқаулардан – 82, аймақтық байқаулардан – 63 өнерпаз оқушылар жүлделі орындарға ие болған.
"Қосымша білім беру оқу әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен мұғалімдер өз біліктіліктерін көтеру барысында 72 курстық сағат оқып сертификат алды. Республика көлемінде екі мұғалім іс – тәжірибе таратты. Мектептің дамуы мен жетістіктері арқылы Кеген өңірінде білім мен өнерді насихаттау жұмыстары жоғары деңгейде жүзеге асырылуда", деп хабарлады аудандық әкімдіктен.