"Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы" РМК Алматы филиалының инженері Айымбетов Сұлтанбек Алматыдағы М.Тынышбаев атындағы көлік және логистика академиясының арнайы шақыртуы бойынша студенттерге дәріс оқыды. Академияның 2-3 курс студенттерінің сұрауы бойынша инженер “Құрылыс сапасын қадағалау” тақырыбына тоқталып, осы бойынша ақпарат берді. Сонымен қатар, кездесу барысында жолдың қалай салынатыны, жол құрылысы материалдарының дайындалуы, жолдың түрлі тексерістен өтіп қолданысқа берілуіне дейінгі жұмыстар айтылды.
"2 және 3 курс студенттеріне жолға қатысты, жол сапасын бақылау, құрылыс материалдары мен технологиясын қадағалауға қатысты біраз мәлімет айттым. Әсіресе, сапаны бақылау жұмыстарына ерекше тоқталдым. Болашақ жол саласының мамандарын қызықтырған сұрақтар көп екен. Біршама сұрақ қойылды. Тәжірибеге сүйеніп, шамам келгенше студенттер сауалдарына жауап беруге трыстым" - дейді жол сапасын бақылаушы инженер.
Сұлтанбек Айымбетовтің айтуынша, 3 сағатқа созылған арнайы дәріс барысында филиал маманы студенттерге барынша мазмұнды әрі пайдалы ақпарат беруге тырысқан. Инженер де, оқу орнының басшылары да жол сапасын жақсартуға қатысты Президент тапсырмасын алға тартуда. Үкіеттің арнайы бағдарламасы да бар. Сондықтан мұндай іс-шаралар, мамандардың студенттермен кездесулері алдағы уақытта да жалғасын таппақ.