Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Жылқы мен түйе шаруашылығын қолдауға қанша субсидия бөлінді?

Жылқы мен түйе шаруашылығын қолдауға қанша субсидия бөлінді?

 Биыл мемлекет ауыл шаруашылығын тікелей субсидиялардың орнына пайызы төмендетілген несиемен қолдауға көше бастайды.

Ауыл шаруашылығы министрлігі  жыл сайын жылқы мен түйе шаруашылығын қолдау үшін қанша субсидия төленгені туралы мәлімет ұсынды.

«2023 жылы мал шаруашылығын субсидиялау үшін 147 млрд 25,7 млн теңге субсидия берілді», – деп жазылған ресми мәліметте.

Соның ішінде:

Бие сүтін өндіру мен өңдеудің құнын арзандатуға – 323,3 млн теңге

Түйе сүтін өндіру мен өңдеудің құнын арзандатуға – 462,6 млн теңге

Бордақылау алаңдарына бордақылауға немесе ет өңдеу кәсіпорындарына союға өткізілген ұсақ малдың еркек дарағының құнын арзандатуға – 228 млн теңге

Тауық етін өндіру құнын төмендетуге – 22 403,4 млн теңге

Сүт өндірісінің құнын арзандату – 23 959,8 млн теңге

Ірі қараны союмен және етін бастапқы өңдеумен айналысатын ет өңдеу кәсіпорындарының сиыр етін өткізу құнын арзандатуға – 524,9 млн теңге

Бордақылау алаңдарына бордақылауға немесе ет өңдеу кәсіпорындарына союға өткізілген ірі қараның еркек дарағының (оның ішінде сүтті немесе сүтті-етті асыл тұқымды еркек дарақтар) құнын арзандатуға – 6 406,9 млн теңге берілген.

Дегенмен бұл субсидиялар ішкі нарықтағы импортты мүлдем ығыстырып тастады деуге келмейді.

2023 жылы қазақстандықтар тұтынған:

сиыр етінің –12 246,8 тоннасы (3%)

шошқа етінің – 6 736,6 тоннасы (12,1%)

қой етінің - 32,7 тоннасы (0,02%)

жылқы етінің – 2 930,4 тоннасы (1,7%)

құс етінің – 152 464,3 тоннасы (45,4%)

жұмыртқаның – 327,2 млн данасы (7,4%)

жүннің – 52,9 тоннасы (0,1%)

сүттің – 32 439,4 тоннасы (0,9%) импортталған.

Жалпы елдегі өндірілетін мал шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі халықтың қажеттілігін мынандай деңгейде қамтамасыз етеді: қой еті – 105%, сиыр еті – 101%, жылқы еті – 98%, шошқа еті – 92%, құс еті – 73%, жұмыртқа – 100%, сүт – 96%, – деп жазды министрлік.

Сондай-ақ, ведомстводағылар шошқа шаруашылығын қолдауға мемлекеттен ешбір субсидия төленбейтінін мәлім етті.

«Бұған дейін асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыру қағидаларына өзгерістер енгізу кезінде 2018 жылдан бастап шошқа еті, жылқы еті, түйе өндіру құнын арзандату, 2019 жылдан бастап жүнді және 2023 жылдан бастап тағамдық жұмыртқаны субсидиялау сияқты тауарлық-спецификалық субсидиялар алынып тасталғанын хабарлаймыз», – деп жазылған мәліметте.

Ұқсас материалдар