Қазақстан экономикасының өсімі биыл 11 айда 4,9%-ға жетті. Былтыр бұл көрсеткіш 2,7% болған.
Әсіресе, сауда, ақпарат және байланыс, көлік және қоймалау саласында өсім жоғары. Жалпы, республика бойынша жан басына шаққандағы ЖІӨ 11,5 мың доллардан 13,3 мың долларға дейін өсті. Сонымен қатар, қарашада инфляция 10%-ға дейін баяулады.
Жарты жылда 13 миллиард доллардан астам инвестиция тартылды. Үкімет жыл қорытындысы бойынша тікелей шетелдік инвестиция көлемін екі есе ұлғайтуды жоспарлаған.
2023 жылы 10 айда тауарлар экспорты 65 миллиард доллар болса, өңделген тауарлар экспорты 21 миллиард долларға дейін жеткен. Тауарлар импорты 49 миллиард теңге болды. Жыл қорытындысы бойынша экономиканың өсімі 5% болмақ.
Тегтер:
Ұқсас материалдар
Жаңалықтар
Экономика
АДБ 2026 жылы Қазақстандағы инвестиция 8%-ға өседі деп күтеді
- 24 қыркүйек, 2026
Көп оқылғандар
Жаңалықтар
Экономика
АДБ 2026 жылы Қазақстандағы инвестиция 8%-ға өседі деп күтеді
- 24 қыркүйек, 2026





