Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

7,9 млрд теңге жымқыру ісі: құрылыс компаниясының қызметкерлері ұсталды

7,9 млрд теңге жымқыру ісі: құрылыс компаниясының қызметкерлері ұсталды

Астанада 7,9 млрд теңге көлемінде алаяқтық жасады деп күдіктелген құрылыс компаниясының бірнеше қызметкері қамауға алынды.

ҚМА мәліметінше, олар "Qyran" тұрғын үй кешенінде пәтерлер мен коммерциялық нысандарды нарықтан төмен бағамен сату туралы жалған ұсыныстар жасап, адамдарды алдап келген. Сатып алушыларға меншік құқығын растайтындай макеттер мен құжаттар көрсетілгенімен, іс жүзінде заңды күшке ие болмайтын брондау және алдын ала келісімдер ғана рәсімделген.

Ақша күдіктілердің жеке шоттарына түскен және компания құжаттарында тіркелмеген. Осы схемамен 3,8 млрд теңге жымқырылған.

Сонымен бірге олар екінші схема арқылы 76 нысанды жалған сатумен айналысып, 4,1 млрд теңгені компания кассасына өткізбей қалдырған.

Жалпы залал – 7,9 млрд теңге. Сот 94 пәтерге, 51 паркингке, 8 коммерциялық нысанға және бір автокөлікке тыйым салды. Қалған ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді.

Ұқсас материалдар