Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Сыбайлас жемқорлар мемлекетке 1,1 трлн теңгеден астам зиян келтірді - Шпекбаев

Сыбайлас жемқорлар мемлекетке 1,1 трлн теңгеден астам зиян келтірді - Шпекбаев

Алматы. 17 мамыр. 7kun.kz - Қаржы қылмысын жасағаны үшін күдікті ретінде 82 лауазымды тұлға тіркелді. Бұл туралы Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысы Алик Шпекбаев ашық диалог барысында мәлімдеді, деп хабарлайды LS.

 Оның айтуынша, күдіктілердің үштен екісі шетелде жүр.

«Олар ресми өкілеттігін асыра пайдаланып, пара алу, ұйымдасқан қылмыстық қоғамдастықтар құру, ақшаны ұрлау және жылыстату бойынша іздестірілуде. Мемлекетке келтірілген жалпы зиян 1,1 трлн теңгеден асып түсті», - деп түсіндірді ол.

Шпекбаевтың айтуынша, 2017 жылы 38 адам ұсталды, оның ішінде 12 адам шетелде, олардың төртеуі Қазақстанға Венгриядан, Түркиядан және Ресей Федерациясынан экстрадицияланды, қазір сегіз адам экстрадицияны күтуде.

Ұқсас материалдар