Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Атырау МӨЗ-ге экологияны бұзғаны үшін 540 млн теңге айыппұл салынды

Атырау МӨЗ-ге экологияны бұзғаны үшін 540 млн теңге айыппұл салынды

Атырау мұнай өңдеу зауыты ауаны ластағаны үшін 540 миллион теңге көлемінде айыппұл арқалады.

Бұл туралы облыстық экология департаменті басшысының орынбасары Әлібек Бекмұхамбетов мәлімдеді.

Тексеріс қала тұрғындарының ауадағы күкіртсутек иісіне қатысты жаппай шағымынан кейін жүргізілген. Нәтижесінде кәсіпорында үш бірдей заң бұзушылық анықталған.

Мамандар ауа құрамында күкіртсутекпен қатар күкірт диоксиді, көміртек оксиді және азот оксиді деңгейі рұқсат етілген нормадан асып кеткенін анықтады.

Осы деректер негізінде сот шешімімен зауытқа 520 млн теңге айыппұл салынды. Кәсіпорын бұл шешімге шағым түсіргенімен, жоғары сатыдағы сот оны өзгеріссіз қалдырған. Бұдан бөлек, қосымша анықталған зиянды қалдықтар үшін тағы 20 млн теңге айыппұл тағайындалды.

Тексеру 16 ақпанда аяқталып, салынған айыппұл толық көлемде мемлекет пайдасына өндірілді.

Айта кетейік, Атырау мұнай өңдеу зауыты бұған дейін де экологиялық талаптарды бұзғаны үшін бірнеше рет жауапкершілікке тартылған.

Ұқсас материалдар