
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов елдегі дизель отыны мен жанармай қоры қанша күнге жететінін айтты.
Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстанда бензин мен дизель отынының бағасын мемлекеттік реттеу алынып тасталды. Енді олардың құны ішкі сұраныс пен ұсынысқа байланысты қалыптасады
«Жаранмай қоры 42 күннен асады, сондықтан бағаның өсуіне себеп жоқ деп ойлаймын. Ал, дизель отынының қоры шамамен 28 күнге жетеді. Дизель отыны жетіспейді деген алаңдаушылық жоқ. Біз аграрларды бірінші кезекте қамтамасыз етеміз. Министрлік барлық қажетті көлемді кепілдендіреді. Егіс науқанына байланысты алаңдауға негіз жоқ», – деді министр Ерлан Ақкенженов.
Ол министрлік жағдайды бақылауда ұстап отырғанын және ішкі нарықты үздіксіз отынмен қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылданып жатқанын айтты.