2018 жылдың бірінші жарты жылында туристік нысандар саны 174-ке артқан. Ішкі туризм де қарқынды дамып келеді. Жарты жылда Қазақстанның ішінде 2.4 млн адам саяхатқа шыққан. Бұл көрсеткіш өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 7 пайызға көп. Ал отандық курорттарда көрсетілген туристік қызмет көлемі 4.8 млрд теңгеге көбейген. Бұл 2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда көрсетілген қызмет 33,3% пайызға артық. Ал соңғы алты айда елімізге табан тіреген шет елдік азаматтар саны болса 4.1 млн адамға жетіп, 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 22 пайызға ұлғайған. Қаңтар-маусым аралығында Үндістаннан 12 мың, Малайзиядан – 3 295, Польшадан – 6 436 және Оңтүстік Кореядан – 13 899 адам Қазақстанға келген. Біздің анықтауымызша Қазақстан туризм саласы бойынша бәсекеге қабілеттілігі жағынан 136 мемлекеттің ішінде алғашқы ондықта тұр.
Айта кетейік, Қазақстанда туризмді дамытудың 2023 жылға дейінгі тұжырымдамасы іске қосылған. Мұның нәтижесінде Қазақстан туризм саласы дамыған үздік елдердің қатарына кіруі тиіс.