Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Intel басшысы қызметінен кетті

Intel басшысы қызметінен кетті

 Intel корпорациясының бас атқарушы директоры Пэт Гелсингер 1 желтоқсанда өз қызметінен және директорлар кеңесінен отставкаға кетті, делінген компания мәлімдемесінде.

Гельсингер Intel-ді төрт жылға жуық басқарды және осы уақыт ішінде чип өндіруші капиталы бірден күрт төмендеді. Өйткені, компания бәсекелестерінен айтарлықтай жеңіліп, нарықтағы үлесін жоғалта бастады. Компанияның артта қалуы, әсіресе жасанды интеллект технологияларын қолдайтын чиптер сегментінде айтарлықтай байқалады, деп жазады CNBC.

СЕО міндетін уақытша бас қаржы директоры Дэвид Зинснер мен атқарушы вице-президент  Мишель Холтаус басқарады, ал директорлар кеңесі төрағасы міндетін   Фрэнк Йери уақытша атқарады. 

         Дүйсенбіде Intel акциялары нарыққа дейінгі саудада 4%-ға қымбаттады. Жыл басынан бері компанияның капиталдандыруы екі есеге төмендеп, 103,7 миллиард долларды құрады.

Ұқсас материалдар