Қазақстан Каспий құбыр консорциумы аясында теңіздегі жұмыстарға арналған екі айлақ қондырғысын сатып алды.
Келісімшарттың бастапқы құны 106 млн еуроны құрайды.
Бұл туралы ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясының өкілі Ерболат Меңдібаев Мәжіліс кулуарында мәлімдеді. Оның айтуынша, келісім екі жыл бұрын жасалғанымен, қазіргі геосаяси жағдай жеткізу процесіне әсер етуде.
Атап айтқанда, қондырғыларды Новороссийск портына жеткізу барысында қиындықтар туындаған. Осыған байланысты жоба құнының артуы мүмкін екені айтылды.
Меңдібаевтың сөзінше, соңғы жылдары логистика мен нарықтағы өзгерістерге байланысты келісімшарттағы баға қайта қаралуы ықтимал.
Ұқсас материалдар
Жаңалықтар
Экономика
АДБ 2026 жылы Қазақстандағы инвестиция 8%-ға өседі деп күтеді
- 24 қыркүйек, 2026
Көп оқылғандар
Жаңалықтар
Экономика
АДБ 2026 жылы Қазақстандағы инвестиция 8%-ға өседі деп күтеді
- 24 қыркүйек, 2026





