Алматы. 2 тамыз. 7kun.kz – Қазақстандық мыс өндіруші KAZ Minerals тобы Ресей Федерациясы Чукот автономиялы округындағы Баимская мыс жобасын сатып алу жөніндегі келісім жасады, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
Ол үшін ақшалай қаражат және акциялар түріндегі 900 миллион доллар ақы төленеді, оның ішіндегі 675 миллион доллар бастапқы ақы және 225 миллион доллар кейінге қалдырылған ақы екені айтылады.
Айта кетейік, Баимская - ашық типтегі кеніш негізінде төмен шығынды, әрі ауқымды мыс өндірісін құру әлеуеті бар әлемдегі игерілмеген ірі мыс алаңдарының бірі. JORC кодексі бойынша қазіргі ресурстары 9,5 миллион тонна мыс, кендегі мыстың мөлшері 0,43 пайыз және 16,5 миллион унция алтын, кендегі алтынның мөлшері 0,23 г/т. Алғашқы он жылдағы өндірістік күтіліп отырған жылдық орташа көрсеткіштер: шамамен 250 мың тонна мыс және 400 мың унция алтын, немесе мыс эквивалентімен 1 есептесек, 330 мың тонна. Кеніштің пайдалану мерзімі 25 жыл, операциялық шығындары бойынша шығындар жаһандық қисығында жоба бірінші квартильде және өндірістің алғашқы он жылында кендегі металдардың жоғары мөлшері жоғары болады.