Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстан мен Оңтүстік Корея геологиялық барлау бойынша әріптестікті күшейтеді

Қазақстан мен Оңтүстік Корея геологиялық барлау бойынша әріптестікті күшейтеді

Астана қаласында ҚазМұнайГаз басқарма төрағасының орынбасары Шафкат Құдабаев пен Korea National Oil Corporation президенті Сон Джу Сок кездесті.

Кездесу барысында тараптар геологиялық барлау саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. Бұған дейін бірлескен жұмыс аясында кореялық компания мамандарына ҚМГ-ның перспективті барлау жобалары таныстырылған.

Қазіргі уақытта Korea National Oil Corporation компаниясы ҚазМұнайГаз жүзеге асырып жатқан геологиялық барлау жобаларына қатысу мүмкіндіктерін қарастыруда.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара іс-қимылды жандандыруға және байланыстарды күшейтуге дайын екендіктерін білдірді.

Айта кетейік, Korea National Oil Corporation 1979 жылы Ульсан қаласында құрылған. Компания Оңтүстік Кореяның жетекші мұнай-газ корпорацияларының бірі саналады және стратегиялық мұнай қорларын басқарумен қатар, мұнай өңдеу және жанармай нарығын цифрлық технологиялар арқылы дамыту бағытында жұмыс істейді.

Ұқсас материалдар