Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстанда зейнетақы жинағын пайдалану тәртібі өзгерді

Қазақстанда зейнетақы жинағын пайдалану тәртібі өзгерді

Қазақстанда 17 сәуірден бастап зейнетақы жинақтарын пайдалану ережесіне өзгерістер енгізілді.

Жаңа талаптарға сәйкес, азаматтар енді зейнетақы қорындағы қаражатты тек ипотекалық несиенің негізгі қарызын өтеуге ғана жұмсай алады.

Ал банк сыйақысын, айыппұлдар мен өсімпұлдарды төлеу үшін зейнетақы жинағын пайдалану мүмкіндігі алынып тасталды. Мұндай шығындарды қарыз алушылар өз қаражаты есебінен өтеуі тиіс.

Айта кетейік, бұған дейін қолданыста болған тәртіп бойынша зейнетақы қаражатын несиенің негізгі сомасымен қатар пайыздық үстемесін жабуға да қолдануға рұқсат берілген еді.

Ұқсас материалдар