Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Малайзия балалардың әлеуметтік желіге кіруін заң жүзінде шектемек

Малайзия балалардың әлеуметтік желіге кіруін заң жүзінде шектемек

Малайзия билігі 2026 жылдан бастап 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерді пайдалануға шектеу енгізуді жоспарлап отыр.

Бұл туралы 23 қарашада елдің байланыс министрі Фахми Фадзил мәлімдеді, деп хабарлайды Коммерсантъ.

Министрліктің айтуынша, бастаманың негізгі мақсаты – балаларды онлайн кеңістіктегі қауіп-қатерлерден қорғау. Қауіптердің қатарына киберқорқыту, қаржылық алаяқтық, сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылыққа қатысты қауіптер кіреді.

Үкімет Австралия және бірқатар басқа мемлекеттердің тәжірибесін зерттеп, жас шектеуін енгізудің техникалық мүмкіндіктерін қарастыруда. Жергілікті New Straits Times басылымы әлеуметтік желілер келесі жылдан бастап электронды идентификация жүйесін енгізуге дайындалуы тиіс екенін хабарлады.

Алдағы айларда билік қоғам өкілдерімен және интернет-платформалармен бірге жаңа талаптарды бақылау және орындау механизмдерін талқылауды көздеп отыр.

Ұқсас материалдар