
«Мен біздің аймақ үшін маңызды кезеңде АДБ президенті рөлін алғаныма үлкен құрметпен қараймын», - деді Канда мырза. - 69 елдің сенімімен және біздің адал қызметкерлеріміздің қолдауымен АДБ-ның тұрақты және инклюзивті өсуге жәрдемдесу миссиясын ілгерілетуге дайынмын».
Канда Масатсугу Асакаваның орнына келеді.
Анықтама: Азия Даму Банкі (АДБ) – 68 мүше ел кіретін көптарапты қаржылық даму институты болып табылады, оның 49 мүшесі Азия-Тынық мұхиты өңірінде, 19 мүшесі Азия-Тынық мұхиты өңірінен тыс жерде орналасқан. АДБ-ның ауқымды мақсаты – кедейлік деңгейін төмендету болып табылады. Осыған байланысты АДБ дамушы мүше елдердің халқының кедейлікте өмір сүретін бөлігіне жәрдем көрсету мақсатында экономикалық өсуге, жан-жақты әлеуметтік дамуға және тиімді басқаруға қолдау жасайды. Қазақстан 1994 жылы АДБ мүшесі болды. Штаб-пәтері Манила қаласында орналасқан. АДБ-ның 31 кеңселері бүкіл әлем бойынша жұмыс істейді.