Алматы. 28 тамыз. 7kun.kz – 30 тамызда Алматыда үйді жөндеу мен әрлеуге, саяжай мен қала сыртындағы учаскеге, сонымен бірге бау-бақша және ландшафт дизайніне арналған кең ауқымды тауар түрлері бар Қазақстандағы тұңғыш OBI гипермаркеті ашылады.
OBI – бұл жарты ғасырға жуық тарихы бар үйді жөндеу мен жайластыру және бау-бақшаға арналған DIY («өзің жаса») форматындағы халықаралық гипермаркеттер желісі. Бірінші OBI 1970 жылы Германияның Гамбург қаласында ашылып, қазір Орталық және Шығыс Еуропада, Ресейде 650-ден астам гипермаркеті бар. Енді, ол Қазақстанда да ұсынылады.
Алматыдағы OBI гипермаркеті - бұл «Барлығы құрылыс пен жөндеуге арналған», «Жарық», «Бояу мен зерлеу», «Сантехника мен асүйлер», «Темірден жасалған бұйымдар мен электрлік құралдар», «Үйдегі тәртіп», «Бау-бақша жұмағы» санаттарындағы 45 000 сауда позициялары қойылған 10 500 шаршы метр сауда алаңдары.
Үлкен «Бау-бақша жұмағы» – OBI-дың Алматыдағы ерекше мақтанышы. Алматыдағы «Бау-бақша жұмағының» сауда алаңы 3 500 шаршы метр аумақты алып жатыр. Аталған бөлім аталуына сәйкес келеді. Өйткені, мұнда өсімдіктер, бақша техникасы мен құралдары, саяжай, бау-бақша тауарлары, табиғаттағы демалыс және ландшафт дизайнының кең ауқымды сұрыптылымын табуға болады.
Танымал франшизаны Қазақстан нарығына Asadel Retail компаниясы ұсынып отыр.
«Біз отандастырымызды озық халықаралық тәжірибелермен және жөндеу, саяжай мен бау-бақша тауарлары нарығында заманауи шешімдермен таныстыруды мақсат тұттық. Үйді жөндеу мен жайластыруға арналған тауарлар сұрыпталымында қазіргі уақытта Еуропа, Ресей мен Қытайда өндірілген тауарлар басым түседі. Әр санатта біз сатып алушыларға тек кең ауқымды сұрыпталым ғана емес, сонымен бірге оңтайлы баға сатыларын ұсынып отырмыз. Демек, сатып алушылар барлық баға сегменттерінде өздеріне сәйкес ұсыныстарды тауып алуына жағдай жасалған. Тұтынушыларға тиімді бағаға сатылатын сапалы тауар қамтамасыз етуге ұмтыламыз», - дейді Asadel Retail компаниясының бас директоры Ерлан Сейсембаев.