Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Құлсарыдағы эпидемиологиялық жағдай алаңдатады - «Respublica» партиясының төрағасы

Құлсарыдағы эпидемиологиялық жағдай алаңдатады - «Respublica» партиясының төрағасы

«Respublica» партиясының төрағасы, Мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаров су астында қалған құлсарылықтардың жағдайымен танысты.

Мәжілісменнің айтуынша бүгінгі күні қаланың 40% су шайған. Оның ішінде адамдар жерленген молалар да бар. Су бетіне қалқыған адам мәйітін елестету қиын болғанымен, бүгінгі Құлсарыдағы көрініс осындай.

«Мәйіт су бетіне шыққан соң түрлі ауру тарау қаупі бары анық. Салдары жергілікті халыққа тиеді.  Осы бағытта жұмыс жасап жатқан жергілікті эпидемиологиялық орталықтың жұмысын байқамадық. Қазірден алдын алып, тиісті шараларды қолданбаса, судан бөлек тағы бір проблема тууы мүмкін», - деді Айдарбек Қожаназаров.

Сонымен қатар Мәжіліс депутаты үйін тастап кетуге мәжбүр болған құлсарылықтар паналап жатқан Маңғыстау облысы Бейнеу ауданында да болды. Жергілікті мектепке көшірілген тұрғындармен кездесіп, хәл-жағдайын білді.

Арнайы жүз адамға шақталып жасалған мектеп ғимаратындағы эвакуациялық пунктіні бас-аяғы 700 ге жуық адам паналаған. Бүгінде оннан астам адам тұрып жатыр, олардың ішінде оқушылар да бар. Мектеп әкімшілігі оларға барлық жағдай жасалғанын, медбикелер барын және оқушылар үшін сабақты онлайн форматқа көшіргенін мәлімдеді.

Сонымен қатар үйі су астында қалған құлсарылықтардың арасында жасы100-ге жеткен апа да бар. Бүгінде ол кісіні жергілікті қолдаушылардың көмегімен қонақүйге жайғасқан. Ал қалғандары туыс жағалап, жастары сумен күреске атсалысып жүр.

«Жағдай оңай емес. Дегенмен бір қуантарлығы Құлсарыдағы су деңгейі соңғы екі күнде төмендеген. Жергілікті халық демеу болып, қолдау білдіріп жатыр. Гуманитарлық көмек саны да аз емес. Енді билік тарапынан шығынға ұшыраған халықтың өтемақысының дұрыс болуын қадағалаймыз», - деді депутат.

Ұқсас материалдар