Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Зейнетақы қаражатына алынған тұрғын үйді сату құқығы сақталады

Зейнетақы қаражатына алынған тұрғын үйді сату құқығы сақталады

Қазақстан азаматтары зейнетақы жинақтарын бұрынғыдай тұрғын үй жағдайын жақсартуға пайдалана алады.

Бұл туралы «Отбасы банк» баспасөз қызметі хабарлады.

Банк мәліметінше, соңғы уақытта зейнетақы төлемдерімен алынған пәтерлердің кейбірі қысқа уақыт аралығында бірнеше рет қайта сатылған. Әрбір жаңа сатып алушы тұрғын үйді алу үшін өз зейнетақы жинағын пайдаланған. Мұндай тәжірибе тұрғын үй нарығындағы баға өсіміне және қаражаттың мақсатсыз пайдаланылуына әсер етуі мүмкін деген алаңдаушылық туғызған.

Осыған байланысты «Отбасы банк» зейнетақы қаражатына сатып алынған жылжымайтын мүлікті кемінде бес жылдан кейін ғана сатуға рұқсат беру жөнінде ұсыныс енгізген болатын. Алайда бұл бастама қолдау таппады.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, зейнетақы жинағы есебінен сатып алынған тұрғын үй шектеу қойылатын мүлік санатына жатпайды. Сондықтан азаматтар мұндай баспананы қалаған уақытта еркін сата алады.

Мамандардың пікірінше, мұндай шешім азаматтардың мүлікке иелік ету құқығын сақтап қалуға бағытталған. Дегенмен, зейнетақы қаражатын пайдалану кезінде оның мақсатты жұмсалуына бақылау тетіктерін жетілдіру қажеттігі атап өтілді.

Ұқсас материалдар