Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

2018 жылдың 6 айы: Өңдеу саласының дамуы қарқынды

2018 жылдың 6 айы: Өңдеу саласының дамуы қарқынды

Индустриялық-инновациялық даму, «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» бағдарламаларындағы қайталанатын әрі басым бағыттың бірі -өңдеу саласы. Елбасының басты назарындағы бағыт  І жартыжылдықта қандай нәтиже көрсетті? 7kun.kz салаға қатысты статистикалық  деректерді ұсынады.

2018 жылдың І жарты жылдығын 2010 жылмен салыстырғанда, өңдеу салаларында жұмыс істейтін қосымша 3,5 мың кәсіпорын пайда болған.

Өсім негізінен өсім машина жасау (805 бірлік), азық-түлік өнеркәсібі (545 бірлік), құрылыс материалдарын шығару (514 бірлік) кәсіпорындары санының өсуі есебінен қамтамасыз етілген.

Олардың жалпы сомалық үлесі өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының жиынтық өсімінде 50%-дан асты. Ең жоғарғы өсім химия өнеркәсібінде (1,7 есе), машина жасау саласында (1,5 есеге) және басқа да дайын бұйымдар өндірісінде (3,3 есе) байқалады.

Сонымен қатар, биылғы І жарты жылдықтың қорытындыларын өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда өңдеу секторындағы өндіріс 5,2%-ға артып отыр.

Оң қарқынға ықпал етуші өсімнің негізгі драйверлері: машина жасау (+17,2%), химия өнеркәсібі (+11%), азық-түлік өнімдері өндірісі (+5,2%), мұнай өңдеу (+4,4%), металлургия (+3,4%), құрылыс материалдарының өндірісі (+2,2%).

Мемлекеттік бағдарлама тиімділігі көрсеткіштерінің қатарында — өңдеу өнеркәсібінің негізгі капиталына салынатын инвестициялар көлемі бар. Бағдарламаны іске асыру уақытының аяқталуына қарай бұл көрсеткіш 4,5 трлн теңгені құрауы тиіс.

Еліміздің өңдеу өнеркәсібінде негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі осы жылдың 6 айында 2015 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 47,6%-ға өсіп, 532,8 млрд теңгені құрады.

Өңдеу өнеркәсібі секторларында мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту жөніндегі ірі жобаларды іске асыруды есепке алғанда мұнай өңдеуде инвестициялық салымдар (11 есе) өсті. Сонымен қатар, елеулі өсім электр техникалық машина жасауда (3,2 есе) және азық-түлік өнімдері өндірісінде (1,9 есе) байқалады.

«Биылғы есепті кезеңде барлық нысаналы индикаторлар бойынша оң динамика байқалады. Жылдың соңына дейін өңдеу өнеркәсібіндегі экспорттың құндық көлемінің өсімін 7 пайызға (2015 жылғы кезеңге), еңбек өнімділігін 11,9 пайызға, негізгі капиталға салынатын инвестицияларды 1 трлн теңгеден астам сомаға жеткізу қажет. Өңдеу өнеркәсібі өнімінің 2018 жылғы 2 айдағы республика бойынша орташа экспорт көлемі 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20,5 пайызға артып, 2,5 млрд АҚШ долларын құрады», - дейді 7kun.kz  сауалына жауап жолдаған Инвестициялар және даму министрлігі.

Индустрияландыру дайын өнім шығаруға бағытталған өңдеу өнеркәсіп салаларындағы (химия өнеркәсібі, машина жасау, жиһаз, құрылыс материалдарының өндірісі және тағы да басқалар) кәсіпорындардың санын арттыруға мүмкіндік береді. 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында 2010 жылмен салыстырғанда өңдеу салаларында жұмыс істейтін қосымша 3,5 мың кәсіпорын пайда болды.

Ұқсас материалдар