Intel корпорациясының бас атқарушы директоры Пэт Гелсингер 1 желтоқсанда өз қызметінен және директорлар кеңесінен отставкаға кетті, делінген компания мәлімдемесінде.
Гельсингер Intel-ді төрт жылға жуық басқарды және осы уақыт ішінде чип өндіруші капиталы бірден күрт төмендеді. Өйткені, компания бәсекелестерінен айтарлықтай жеңіліп, нарықтағы үлесін жоғалта бастады. Компанияның артта қалуы, әсіресе жасанды интеллект технологияларын қолдайтын чиптер сегментінде айтарлықтай байқалады, – деп жазады CNBC.
СЕО міндетін уақытша бас қаржы директоры Дэвид Зинснер мен атқарушы вице-президент Мишель Холтаус басқарады, ал директорлар кеңесі төрағасы міндетін Фрэнк Йери уақытша атқарады.
Дүйсенбіде Intel акциялары нарыққа дейінгі саудада 4%-ға қымбаттады. Жыл басынан бері компанияның капиталдандыруы екі есеге төмендеп, 103,7 миллиард долларды құрады.
Тегтер:
Ұқсас материалдар
Көп оқылғандар
Дүниежүзілік банк 3,5 млрд доллар болатын 5 ірі жобаны жүзеге асыруда
- 04 желтоқсан, 2024
Биыл жер қойнауын пайдаланушылар 4,3 трлн теңге инвестиция құйды
- 03 желтоқсан, 2024
Ұлттық банк доллар бағамына қатысты тағы мәлімдеме жасады
- 02 желтоқсан, 2024