Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Масато Канда Азия даму банкінің президенті қызметіне кірісті

Масато Канда Азия даму банкінің президенті қызметіне кірісті
Бүгін Азия даму банкінің (АДБ) 11-ші президенті Масато Канда ресми түрде қызметіне кірісті. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады

«Мен біздің аймақ үшін маңызды кезеңде АДБ президенті рөлін алғаныма үлкен құрметпен қараймын», - деді Канда мырза. - 69 елдің сенімімен және біздің адал қызметкерлеріміздің қолдауымен  АДБ-ның тұрақты және инклюзивті өсуге жәрдемдесу миссиясын ілгерілетуге дайынмын».

Канда Масатсугу Асакаваның орнына келеді. 

Анықтама: Азия Даму Банкі (АДБ) – 68 мүше ел кіретін көптарапты қаржылық даму институты болып табылады, оның 49 мүшесі Азия-Тынық мұхиты өңірінде, 19 мүшесі Азия-Тынық мұхиты өңірінен тыс жерде орналасқан. АДБ-ның ауқымды мақсаты – кедейлік деңгейін төмендету болып табылады. Осыған байланысты АДБ дамушы мүше елдердің халқының кедейлікте өмір сүретін бөлігіне жәрдем көрсету мақсатында экономикалық өсуге, жан-жақты әлеуметтік дамуға және тиімді басқаруға қолдау жасайды. Қазақстан 1994 жылы АДБ мүшесі болды. Штаб-пәтері Манила қаласында орналасқан. АДБ-ның 31 кеңселері бүкіл әлем бойынша жұмыс істейді.

Ұқсас материалдар