Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығару қағидаларын бекітті.
Қағидаларға сәйкес, шағын бизнес өкілдері 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша берешекті 31 наурызға дейін толық өтесе, келесі сомалар кешіріледі:
-
1 қаңтардағы өсімпұлдар мен берешекке есептелген өсімпұлдар;
-
1 қаңтардағы айыппұлдар (салық және әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша);
-
Кейінге қалдырылған салық міндеттемелері 1 сәуірге дейін орындалса есептелген өсімпұлдар;
-
ҚҚС төлеуші ретінде тіркелмеген кезеңдегі айналымға салынған айыппұлдар.
Кешірімге жеке тұлғаның кәсіпкерлікке қатысы жоқ салықтары мен айыппұлдар кірмейді.
Өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығару салық төлеушілердің жеке шоттарын түгендеу нәтижесі бойынша жүргізіледі. Бұйрық 24 ақпаннан бастап күшіне енеді және 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.





