
Алматы. 16 тамыз. 7kun.kz – Қазақстандық экспорттаушы «KSP Steel» ЖШС Ресейге 93,3 млн ресей рублі сомасындағы көлемі 1500 тонна жіксіз құбырдың кезекті топтамасын жөнелтті, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
Компанияның І жартыжылдықтағы өнімдер экспорты 2017 жылмен салыстырғанда 19 %-ға өскен.
2018 жылдың шілдесінде зауыт API лицензиясын растады (американың мұнай институты әзірлеген стандарт).
Естеріңізге сала кетсек, 2018 жылдың наурызында «KazakhExport» пен «Альфа-Банк» ЕБ АҚ қазақстандық экспорттаушы «KSP Steel» ЖШС-ға 450 млн ресей рубль сомасына экспорттық сауданы қаржылай қолдау жөніндегі алғашқы мәміле жасаған болатын.