Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Жіксіз құбырлар топтамасы Ресейге экспортқа жөнелтілді

Жіксіз құбырлар топтамасы Ресейге экспортқа жөнелтілді

Алматы. 16 тамыз. 7kun.kz – Қазақстандық экспорттаушы «KSP Steel» ЖШС Ресейге 93,3 млн  ресей рублі  сомасындағы көлемі 1500 тонна жіксіз құбырдың кезекті топтамасын жөнелтті, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі. 

Компанияның І жартыжылдықтағы өнімдер экспорты 2017 жылмен салыстырғанда 19 %-ға өскен.

2018 жылдың шілдесінде зауыт API лицензиясын растады (американың  мұнай  институты әзірлеген стандарт).

Естеріңізге сала кетсек, 2018 жылдың наурызында «KazakhExport» пен «Альфа-Банк» ЕБ АҚ қазақстандық экспорттаушы «KSP Steel» ЖШС-ға 450 млн ресей рубль сомасына экспорттық сауданы қаржылай қолдау жөніндегі алғашқы мәміле жасаған болатын.

Ұқсас материалдар