Президенттің тапсырмасын орындау шеңберінде осы мақсаттарға 700 млрд теңгеге дейін бағыттау жоспарлануда, оның 560 млрд теңгесі нарықтық капитал көздерінен тартылатын болады.
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басшылығымен, сондай-ақ холдинг құрамына кіретін қаржы институттарының өкілдерімен кездесу өткізді.
Кездесуде 2025 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын ерте қаржыландыруға өтінімдерді қабылдауға қатысты мәселелерге назар аударылды.
2024 жылдың 29 қарашасынан бастап «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ «Кең дала 2» бағдарламасы бойынша жылдық 5% жеңілдікті сыйақы мөлшерлемесімен қаржыландыру ашылды. 1364 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден шамамен 205,1 млрд теңге сомаға өтінімдердің жалпы пулы қалыптастырылды, оның ішінде 1253 АШТӨ-ден 195,5 млрд теңге сомаға өтінімдер жұмысқа қабылданды. 125,6 млрд теңге сомасына 907 АШТӨ қаржыландырылды.
Кездесу барысында ынтымақтастықты кеңейту, жеңілдетілген кредит беру бағыттары, аграрлық секторға инвестициялар тарту, агроөнеркәсіптік кешеннің басым бағыттары бойынша «АКК» АҚ қаражатына іске асырылатын жобалар, қаржыландырудың жаңа тетіктері және 2025 жылға арналған жоспарлар қаралды.
Айдарбек Сапаров ауыл шаруашылығының тұрақты дамуына қол жеткізу үшін бірлескен күш-жігердің маңыздылығын атап өтіп, аграрлық сектор өкілдерін қолдау бойынша одан әрі ынтымақтастыққа қызығушылық білдірді.