Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Алакөлге саяхат: рахаты мен бағасы

Алакөлге саяхат: рахаты мен бағасы

Алакөл - Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының шекарасында орналасқан тұйықталған көл. Қазақстаннның жауһарларының бірі саналатын көл ел ішінде көлемі жағынан екінші орынды алады. Суының құпиясы да жетерлік. Табиғаты ерек, тылсым күші өзіне тартатын бұл мекенде демалуға қазақстандықтардан бұрын, шетелдіктер жиі келетін болған. 

Туризм

Алакөлдің ел ішінде шипалы қасиетімен танымал екені бәріне белгілі. Қай қырынан алып қарасаң да, бұл мекен туристік орта болуға сұранып-ақ тұр.

2018 жылдың маусымдық демалыс уақытында Алакөлде демалғандар 5 млрд 861 млн теңге ақша жұмсаған. Бір жылдың ішінде мұндай табыс көруге әрин туризмнің жолға қойыла бастағаны әсер етеді. Өткен жылы аймақта 74 жұмыс орны ашылып, 17 жаңа нысан салынған.

Алакөл көлінің жағалауын дамыту мақсатында  Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен «McKinsey & Company» халықаралық консалтингтік компаниясы 2019-2023 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының туризм саласын дамытудың Мемлекеттік бағдарламасының жобасын  әзірлеуде.

Сонымен қатар, көп сынның астына қалып, туризмді ақсатып тұрған мәселе 2020 жылға қарай өз шешімін табады. Ол мәселе - Алакөлге дейінгі шұңқыры көп автокөлік жолы.

Алакөлдің туристік әлеуетін шындап көтеруге кіріскен басшылық, 2017 жылы ел тұрғындарына сыйлық жасап, Үшарал аэропортын ашты. Аэропорт туристердің, дем алушылардың шығынын азайтуға көмектесті.

Жетісудың кереметінің қатарына кіретін Алакөл көлінің жағасына келетіндер көбіне ішкі демалушылар. Сырттан келетін туристердің ішінен Ресей, Қытай, Түркия, Венгрия, Украина азаматтарының саны көп.

*Анықтама

  • Балқаш-Алакөл қазаншұңқырында орналасқан;
  • Әр ғасырда Түрге-Нұр, Алактогол, Алатеңіз, Алакта деп аталған;
  • 15-тен аса өзен келіп құяды: Үржар, Қатынсу, Емелқұйса, Жаманөткел және т.б.
  • Ағынсыз тұзды көл;
  • Емдік қасиетке ие.

Жыл сайын көл жағасында жүз мыңнан астам адам демалады. Көлдің бойында ондаған демалыс орындары мен пансионаттар орналасқан. Ақши мен Көктума туристер үшін ең тартымды орын болып саналады.

Туристік маусым 22 мамырдан басталып, қыркүйектің ортасына дейін жалғасады.

Табиғаты мен емдік қасиеті

Табиғаты талайды тамсандырған Алакөл көлінің ортасында Үлкен, Кіші Аралтөбе, Белқұдық және басқа да аралдар орналасқан. Климаты - күрт континентальды.

Таңертең күн шуағымен көлдің түсі нәзік көгілдір болады, ал кешке қарай көк түске айналады. Егер бұл аймақта жел тұрып, дауыл соқса Алакөлдің суы ластанып, қара түске боялады.

Алакөл - малтатас және қиыршық таспен тегістелген қара жағажайы бар әлемдегі жалғыз көл.

Ежелдегі аңыздарда көлдің суы шаршауды, нервоздықты жоюға, буындарда ауырсынуды жеңуге көмектесетін сиқырлы күшке ие, тамаша көңіл-күй мен рух сыйлайтыны айтылады.

Алакөлдің тұзды суынан Менделеев кестесіндегі йодтан басқа бүкіл элементтерді кездестіруге болады. Бұл өз кезегінде көптеген ауруды емдеуге көмектеседі. Тек суы ғана емес, мұндағы күкіртсутекті балшықтар да, минералды тұздарға бай құрғақ таза дала ауасы да адам жанына дауа бола алады.

Өңірде емдеу-сауықтыру туризімін дамыту бойынша Ақтүбек ауылында «Алакөл – Арасан» балшықпен емдеу-сауықтыру орталығы жұмыс істейді.

Қанша керек?

Алакөлде бір тәулік түнеп шығу үшін 1000 теңге де жетеді. Бірақ бұл сомаға тек төсек-орын беріледі. Ал жекеменшік орындарда оның бағасы - 1500 тг. Тамақтану құны 2000-2500 теңге болады.

Көлдің бойында демалыс орындары жетерлік. Орташа есеппен ол жерден орын алу 5000 теңгеге бағаланады.

Көлдегі пансионаттар әртүрлі: кейбірінен 3000 теңгеге бөлме алып, тамақтана аласыз. Ал тағы бірінде бір тәулікке 30 000 теңге төлеп, қалтаңыздан тағы ақша шығарып, бөлек тамақтануға тура келеді. Бірақ пансионаттар қызметтерінің арасында соншалықты айырмашылық бар деп айтуға келмейді.

Назарларыңызға қарапайым халыққа тиімді демалыс орнының 2019 жылға арналған бір тәулікке есептелген баға кестесін ұсынамыз. Соманың ішінде 3 мезгіл тамақ қарастырылған.

Нөмірдің типі / орын саны 01.06.2019 - 19.06.2019 20.06.2019 - 30.06.2019 01.07.2019 - 05.07.2019 06.07.2019 - 15.07.2019 16.07.2019 - 05.08.2019 06.08.2019 - 20.08.2019 21.08.2019 - 31.08.2019
Стандарт (үлкен) / x2 5 500 6 000 7 000 8 000 8 500 8 000 6 000
Стандарт ( 5-12 жастағы бала) / x2 4 000 4 500 5 000 5 500 5 800 5 500 4 500
Стандарт
(үлкен) / x3
5 500 6 000 7 000 8 000 8 500 8 000 6 000
Стандарт
( 5-12 жастағы бала) / x3
4 000 4 500 5 000 5 500 5 800 5 500 4 500
Стандарт (үлкен) / x4 5 500 6 000 7 000 8 000 8 500 8 000 6 000
Стандарт
( 5-12 жастағы бала) / x4
4 000 4 500 5 000 5 500 5 800 5 500 4 500
Отбасылық стандарт / x6-8

33000 бастап 36000
бастап
36000
бастап
48000
бастап
51000
бастап
48000
бастап
36000 бастап

*Есте сақтаңыз, бағалар демалыс орындары белгілеген бір уақытта өзгеріп отырады.

Ұқсас материалдар