Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Алматыда белгілі құрылыс компаниясы 40 қабатты кешен жобасынан бас тартты

Алматыда белгілі құрылыс компаниясы 40 қабатты кешен жобасынан бас тартты

Алматыда салынуы жоспарланған 40 қабатты BEYOND ALMATY кешенінің құрылысына қатысты күтпеген өзгеріс орын алды.

Құрылыс нарығындағы танымал девелопер – RAMS QAZAQSTAN компаниясы бұл жобадан ресми түрде бас тартқанын хабарлады.

Компанияның мәлімдеуінше, 2025 жылдың қыркүйегінен бастап RAMS QAZAQSTAN аталған нысанның бас мердігері ретіндегі міндеттемелерін тоқтатқан.

«BEYOND ALMATY жобасына қатысты барлық сұрақтар бойынша жер учаскесінің меншік иесіне және тапсырыс беруші – BR Construction Qazaqstan ЖШС-не жүгіну қажет», – делінген ресми хабарламада.

Компания жобадан қандай себеппен бас тартқаны туралы нақты ақпарат берілген жоқ. Құрылыстың болашағына қатысты ресми түсіндірмелер тапсырыс беруші тарапынан күтіледі.

Ұқсас материалдар