Алматы. 27 наурыз. 7kun.kz – Белсенді шағын бизнестің 40%-ке жуығы Алматы мен Нұр-Сұлтанда шоғырланған. Бір жылда қаржы орталығында жұмыс істеп тұрған шағын компаниялардың өсімі 15%-ті, елордада 40%-ті құрады. Бұл туралы Finprom.kz интернет-ресурсы жазады.
Бір жыл ішінде елімізде тіркелген шағын компаниялардың саны 4,3%-ке өсіп, 2019 жылдың соңында 426,4 мыңға жеткен. Олардың арасында 277 мыңнан астамы қызмет етуде, бұл көрсеткіш 2018 жылдың ақпан айымен салыстырғанда 9,1%-ке жоғары.
Айта кетейік, қызметтерін жалғастырып жатқан шағын компаниялардың 56%-тен астамы белсенді жұмыс істейді. Осы орайда өсім жыл ішінде 13%-ті құрады.
Белсенді шағын компаниялардың көбі (37,1 мыңы) автомобильдер мен мотоциклдерді саудалау және жөндеу саласында қызмет етуде. Екінші орын құрылыс саласына тиесілі, яғни 15,9 мың белсенді кәсіпорын тіркелген. Сонымен қатар, 15,1 мың белсенді шағын компания білім беру саласында жұмыс істеп жатыр, бір жылдағы өсім 6,1% болды.
Қазақстан өңірлері арасында белсенді шағын компаниялардың басым бөлігі Алматыда орналасқан, олардың саны 36,6 мыңға жетті. 2018 жылғы ақпанмен салыстырғанда, бұл көрсеткіш 14,8%-ке артық. Екінші орында компаниялар саны бойынша жыл ішінде 40,4% өсімді көрсеткен елорда тұрақтады, қалады компаниялар 24,8 мыңға дейін артты. Ал, осы үштік құрамына Қарағанды облысы еніп отыр, бұл өңірде белсенді шағын компаниялар 10,4 мыңды құрады.