Алматы. 2 наурыз. 7kun.kz — ҚР Энергетика вице-министрі Ғани Сәдібеков бюджеттен қомақты қаражат жымқырды деген айыппен тұтқындалды, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро.
«Энергетика вице-министрі Сәдібеков «Аймақ» ЖШС ұйымының басшысы Д. Дуанбекпен бірге бюджеттен көп мөлшерде Щучинс-Бурабай курорттық аймағын тазалауға бағытталған қаражатты ұрлады», - делінген хабарламада.
Ұлттық бюроның мәліметіне сәйкес, сыбайлас жемқорлық бойынша қылмысқа Сәдібековпен қоса, Энергетика министрлігі департаментінің басшысы Ж. Нұрбеков және мердігер компанияның өкілдері С. Жұмалинов пен Б. Қадырберлиннің де қатысы бар.
«Сәдібеков, Нұрбеков, Жұмалинов және Қадырберлин тұтқындалды», - деп айқындады баспасөз қызметі.
«2017 жылы Сәдібеков тарапынан қол қойылған жалған актілерге сәйкес, ҚР Энергетика министрлігі 2017 жылы орындалған жұмыстың үлкен көлемі үшін 3,6 млрд теңге төледі. Осы сомадан 1 млрд теңгеден аса ақша қолма-қол төлемге айналдырылған. Тексеріс кезінде бұл ақшалар тәркіленді", - делінген ведомствоның хабарламасында.