Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Halyk Bank-ке 18 миллион теңгеден астам айыппұл салынды

Halyk Bank-ке 18 миллион теңгеден астам айыппұл салынды

Қазақстандағы ірі қаржы институттарының бірі – Halyk Bank-ке 18,17 миллион теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметінде айтылды.
Ведомствоның хабарлауынша, банк қаржылық мониторинг саласындағы заңнама талаптарын бұзған. Атап айтқанда, құқық бұзушылық қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заң талаптарының сақталмауына байланысты анықталған.

Агенттік мәліметінше, қаржы ұйымы белгіленген айыппұлды 13 шілдеге дейін төлеуі тиіс.

Айта кетейік, бұған дейін тағы бір екінші деңгейлі банк – Home Credit Bank те банк құпиясын жариялағаны үшін екі рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын.

Halyk Bank Қазақстандағы жүйе құраушы банктердің бірі саналады. Қаржы ұйымының негізгі акционері – «АЛМЭКС» холдингі. Банктің түпкі иелері Тимур және Динара Құлыбаевтар еліміздегі ең бай кәсіпкерлердің қатарында.

Қаржылық есептілікке сәйкес, 2026 жылдың алғашқы тоқсанында Halyk Bank-тің таза пайдасы 234,8 миллиард теңгені құрады. Бұл көрсеткіш өткен кезеңмен салыстырғанда 14,6 пайызға төмендеген.

Ұқсас материалдар