Бұл жөнінде Парламент Мәжілісінде «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу және дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларының бірінші оқылымы кезінде Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасы Мәдина Әбілқасымова хабарлады.
«Жаңа модель іс-қимыл тәуекелдерін басқару жүйесін құруды көздейді. Оған іс-қимыл тәуекелдерін басқару стратегиясы, қаржы өнімдерін бағалау бойынша тәуелсіз бөлімшелер құру, қаржы өнімдерін басқару бойынша, қаржы өнімдері туралы тұтынушыларға толық және шынайы ақпаратты жеткізу бойынша қаржы ұйымдарына қойылатын талаптар, сондай-ақ тұтынушылардан кері байланысты талдау кіреді», - деп Агенттік Басшысы хабарлады.
Сондай-ақ, Заң жобасында жосықсыз практикалардың тізбесі бекітілді, атап айтқанда, қызметтер алуға мәжбүрлеу, олардың нақты құнын жасыру және жаңылыстыратын ақпарат тарату. Агенттікке тұтынушылардың мүдделеріне зиян келтіруі мүмкін өнімдерді сатуды тоқтату бойынша өкілеттіктер беріледі.
Азаматтардың жолданымдарын қараудың тиімділігін арттыру мақсатында заң жобасында банк, сақтандыру және микроқаржылық қызметтер бойынша қаржы омбудсманының бірыңғай кеңсесін құру көзделеді.
«Омбудсманның шешімдерін қаржы ұйымдары орындауға міндетті болады. Бұл азаматтардың жолданымдарын қараудың біркелкілігі мен тәуелсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деп сөзін жалғастырды Мәдина Әбілқасымова.
Тұтынушылардың құқықтарын тиімді қорғау үшін дауларды сотқа дейін реттеудің үш деңгейлі жүйесі енгізіледі. Шағымдарды бастапқыда қаржы ұйымдары қарайды, одан кейін қаржы омбудсманына және Агенттікке жүгінеді.





