Роман Скляр «Орталық Азия – Қытай» екінші индустриялық-инвестициялық ынтымақтастық форумында сөйлеген сөзінде екіжақты инвестициялық байланыстың дамуына тоқталды.
Склярдың айтуынша, Қытай – Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің басты сауда және инвестициялық серіктестерінің бірі. Былтыр Қытай мен Орталық Азия елдерінің өзара сауда көлемі 95 миллиард долларға жетіп, соның жартысына жуығы Қазақстанға тиесілі болды. Осылайша, Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы тарихи рекорд – 44 миллиард долларды құрады.
Роман Скляр аймақта қытай капиталының қатысуымен 10 мыңға жуық компания жұмыс істейтінін айтты.
– Қазақстанда ғана Қытай инвесторларының қатысуымен жалпы құны 66 миллиард доллардан асатын 224 жоба жүзеге асырылып, 50 мыңға жуық жұмыс орны ашылды, – деді вице-премьер.
Ұқсас материалдар
АДБ 2026 жылы Қазақстандағы инвестиция 8%-ға өседі деп күтеді
- 24 сентября, 2026
Көп оқылғандар
АДБ 2026 жылы Қазақстандағы инвестиция 8%-ға өседі деп күтеді
- 24 сентября, 2026





