Қазақстанда зейнеткер саны 2,5 миллионнан асып отыр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 1 қарашадағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 142 744 теңгені құрады.
Ведомствоның хабарлауынша, жыл басынан бері республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 3 трлн 512,7 млрд теңге бөлінген. Қазіргі таңда елде 2 млн 516 мың зейнеткер бар.
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы мөлшері инфляция деңгейіне сәйкес қайта қаралды. Базалық зейнетақы 6,5%-ға, ал ынтымақты зейнетақы 8,5%-ға өсірілді. Бұл – инфляциядан 2% жоғары.
Сондай-ақ 2025 жылдан бастап базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің 65%-нан 70%-ға дейін арттырылды. Бұл көрсеткіш 32 360 теңге болды. Ал базалық зейнетақының ең жоғары мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің 105%-нан 110%-ына дейін көтеріліп, 50 851 теңгені құрайды.





