Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

ҚМА 620 млн теңгелік инвестициялық алаяқтықты тергеп жатыр

ҚМА 620 млн теңгелік инвестициялық алаяқтықты тергеп жатыр

Алматы қаласы бойынша ҚМА департаменті инвестиция салу деген желеумен азаматтардың қаражатын заңсыз иемдену дерегі бойынша тергеу жүргізуде.

Ведомство мәліметінше, 2013-2021 жылдар аралығында күдікті «Partners & Consultants» жобасы арқылы өмірді сақтандыру және жинақтаушы бағдарламаларға инвестиция ұсынған. Ол азаматтарды өзіне бағынысты Evroasia Global Investment АҚ және Evropa Investment ЖШС есепшоттарына ақша аударуға үгіттеп, жылына 12%-ға дейін табыс уәде еткен.

Жобаның сенімділігін көрсету үшін жалған халықаралық сақтандыру сертификаттары пайдаланылған. Қаражат қолма-қолсыз қабылданып, салымшыларға депозит пен инвестициялық міндеттемелер бар деген әсер қалдыратын құжаттар берілген.

Тергеу дерегінше, 270 адамға келтірілген залал 620 млн теңгеден асады. Ақша жылжымайтын және жылжымалы мүлік сатып алуға жұмсалған, бұл активтерге қазір тыйым салынды. Күдікті қамауға алынды.

Ұқсас материалдар