Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қыркүйек айында қандай акцияларға назар аудару керек?

Қыркүйек айында қандай акцияларға назар аудару керек?

Қыркүйек айы жақындағанда инвесторлар тұйыққа тіреліп жатады.  Жаз мезгілі кезіндегі тыныштық жоғала бастап, негізгі экономикалық көрсеткіштерге ден қоя бастайды да, инвесторлардың көбі портфельдерді қайта теңдестіруді ойлай бастайды. Қыркүйек айының тарихи тұрғыдан қор нарығында ең құбылмалы айлардың бірі деген атағы бар. Портфельдерді қайта теңдестіру және төртінші тоқсан мен жыл соңының алдындағы сақтық сияқты факторлар нарықтардың тербелістеріне әкеліп жатады. Алайда мұндай құбылмалылықпен қатар тартымды инвестициялық мүмкіндіктерді іздеу, әсіресе қысқа мерзімді нарықтық шуылды әрі қарай көруге дайын инвесторлар үшін мүмкіндік пайда болады.

ФРЖ-ның төрағасы Джером Пауэлл жақында Джексон-Хоулда өткен жыл сайынғы симпозиумдағы сөйлеген сөзінде паыздық мөлшерлемені жиырма жылдық ең жоғары деңгейінен азайтатын «уақыттың келгенін» меңзеді. Бұл – мөлшерлеменің көптен бері азайтылуына аз уақыт қалғанының нақты белгісі. Пауэлл әлеуетті азайту көлемін немесе қарқынын нақтылаған жоқ, ол инфляция саласындағы ілгерілеуді атап өтті және саясатерлер болашақтағы әрекеттер жайында шешім қабылдай отырып, еңбек нарығы мен келіп түсетін деректерді мұқият қадағалайтындарын атап өтті. Алайда жалпы алғанда инвесторлар оның түсініктемесін үлкен тәуекелді қабылдайтын белші ретінде талдап түсіндірді.

ФРЖ қыркүйек айында пайыздық мөлшерлемені азайтады деген ықтималдылық 64%-ды құрайды, осының аясында нарықтағы көңіл-күй неғұрлым оптимистік бола түсуде. Инвесторлар мұндай әлеуетті өзгеріске дайындалғандықтан, қыркүйек ай бірнеше секторда мүмкіндіктері бар қызықты ай болады деп күтілуде. Төменде қаралуға тиісті кейбір акциялар.

 

  1. Apple Inc. - iPhone 16 от Apple-дің iPhone 16 смартфонын ұсынуы негізгі өсу драйверіне ұқсас

  

Apple Inc. қыркүйек айында өзінің жыл сайынғы іс-шарасында таныстырғысы келетін iPhone 16 желісінің тұсаукесері келесі жылы компанияның айтарлықтай өсу катализаторы болмақ. Дамушы нарықтарда 5G базасында одан әрі кеңейіп жатқан, функцияларының жақсартылуы күтілетін әрі экологиялық жүйесі мен жаңа көрсетілетін қызметтердің өсу әлеуеті бар Apple-дің iPhone 16 смартфонын ойдағыдай шығарудан пайда алуға мүмкіндіктің барлығы бар. Қазіргі тәуекелдің, соның ішінде қарқынды бәсекелестіктің және реттеудегі проблеманы барына қарамастан, Apple брендіне деген мықты бейілділік, инновациялық өнім портфелі және әртараптандырылған кіріс көздері өзгермелі технологиялық ландшафтта бағдарлануға қабілетті орнықты бизнес модулін ұсынады. iPhone Apple бизнесінің негізі болып қала беретіндіктен, iPhone 16 смартфонының ойдағыдай таныстырылуы компанияның айтарлықтай өсуін қамтамасыз етуі керек, оның 252 АҚШ доллары деңгейіндегі орташа нысаналы бағаға деген әлеуеті шамамен 10%-ды құрайды.

Өсу болашағы зор жетекші технологиялық компанияға шығу мүмкіндігін іздеп жүрген инвесторлар Apple-ді өз портфельдеріне тартымды қосымша деп санауы мүмкін.

 

  1. Advanced Micro Devices (AMD) - AMD-ның өсу әлеуеті жасанды интеллектке деген сұранысқа және өнімдерді алдағы уақытта шығаруға байланысты

 Advanced Micro Devices, Inc. — жетекші жартылай өткізуші компания, ол жоғары өнімді есептеу және графикалық шешімдер әзірлеп, шығарады. Озық есептеу қуаттылықтарға деген сұраныс, әсіресе жасанды интеллект (ЖИ) және деректерді өңдеу орталықтары саласында күрт өскендіктен, AMD компаниясының осы үрдістерден пайда алуға мүмкіндіктің барлығы бар. Мұндай инвестициялық идея AMD компаниясының ЖИ технологияларын әрі қарай енгізуге, оның өнімдерге деген бәсекеге қабілетті ұсыныстарына және стратегиялық серіктестіктеріне байланысты өсу әлеуетіне бар назарын аударады. Компания сондай-ақ соңғы тоқсандарда түсімі айтарлықтай ұлғайған әсерлі қаржылай өскенін көрсетті. Ақша ағынын жасау қабілеті оған зерттеулер мен әзірлемелерге инвестициялауға мүмкіндік береді, өзінің өнімдерге деген ұсыныстарын және нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін одан әрі кеңейтеді.

Осылайша Advanced Micro Devices (AMD) жылдам өсетін жартылай өткізушілер нарығына, әсіресе ЖИ-ға және деректерді өңдеу орталықтарына деген сұраныс контексінде шығу мүмкіндігін іздеп жүргендер үшін тартымды инвестициялық мүмкіндіктен тұрады. Өзінің мықты өнім портфелінің, стратегиялық серіктестіктердің және сенімді қаржы көрсеткіштерінің арқасында AMD ұзақ мерзімді өсуге жақсылап дайындалған. Қазіргі тәуекелдің, соның ішінде қарқынды бәсекелестіктің және жеткізу тізбегіндегі осалдықтың барына қарамастан, компанияның инновауияларға деген жауапты тәсілі және оның жылдам өсіп жатқан нарықтарға бағдары дамушы технологиялық ландшафттағы қиындықтарды еңсеруге қабілетті орнықты бизнес модулін ұсынады. Озық есептеу шешімдеріне деген дамып жатқан сұраныстан пайда алғысы келетін инвесторлар AMD-ны өз портфельдеріне тартымды қосымша деп санауы мүмкін. 186 АҚШ доллары деңгейіндегі орташа нысаналы бағаға деген өсу әлеуеті шамамен 20%-ды құрайды.

 

  1. First Solar, Inc. - қыркүйек айында күн секторын ынталандыру үшін мөлшерлеменің алдағы уақыттағы азаюынан пайда алу

First Solar, Inc. — фотоэлектрлік (PV) күн модульдерін өндіруге мамандандырылған күн энергиясына арналған шешімдерін жетекші жеткізушісі. Негізгі өсу факторлары - жіңішке пленкалы фотоэлектрлік модульдердегі технологиялық көшбасшылық, жаңартылатын энергия көздеріне деген жоғары сұраныс, деректерді өңдеу орталықтарының өсіп келе жатқан сұранысы, АҚШ-тағы өндіріске қомақты инвестициялар, сенімді қаржылық көрсеткіштер және қыркүйек айында мөлшерлемелердің алдағы уақытта азаюы. 292 АҚШ доллары деңгейіндегі орташа нысаналы бағаға деген өсу әлеуеті шамамен 26%-ды құрайды.

First Solar, Inc. тартымды инвестициялық мүмкіндіктен тұрады. Жаңартылатын энергия көздеріне деген жоғары сұраныстың, деректерді өңдеу орталықтарындағы күн шешімдеріндегі өсіп жатқан қажеттіліктердің және Инфляцияны азайту туралы заңның артықшылықтарының арқасында First Solar айтарлықтай өсу үшін жақсы жайғасты. Қазіргі тәуекелдердің, соның ішінде нарықтағы құбылмалылықтың және қатаң бәсекелестіктің барына қарамастан, компанияның инновацияларға деген жауапты тәсілі және оның жоғары қаржылық көрсеткіштері өзгермелі энергетикалық ландшафттағы қиындықтарды еңсеруге қабілетті орнықты бизнес модулін ұсынады. Күн энергетикасы секторындағы өсу әлеуетінен пайда алғысы келетін инвесторлар First Solar-ды өз портфельдеріне тартымды қосымша деп санауы мүмкін.

  1. Russell 2000 және iShares Russell 2000 ETF (IWM) - қыркүйек айында мөлшерлеменің алдағы уақыттағы азаюынан пайда алу

АҚШ-тағы шағын капиталдандырылуы бар компаниялардың акцияларын қадағалайтын Russell 2000 индексі тартымды көрінеді, себебі нарықта қыркүйек айында Федералды резервтік жүйенің пайыздық мөлшерлемесінің азаюы күтіледі. Соңғы деректерге сүйене отырып, мөлшерлеменің 64%-ға азаю ықтималдығымен шағын капиталдандырылуы бар компаниялардың акциялары қарыз алу шығындарының төмендеуінен және тұтынушылық шығыстардың ұлғаюынан пайда көруі мүмкін, бұл iShares Russell 2000 ETF (IWM) индексін тартымды инвестициялық мүмкіндікке айналдырады.

Russell 2000 және iShares Russell 2000 ETF (IWM) индекстері тартымды инвестициялық мүмкіндікті, әсіресе қыркүйек айында пайыздық мөлшерлемелердің алдағы уақытта азаятынын ескере отырып ұсынады. Мықты макроэкономикалық көрсеткіштермен, нарықтың шағын капиталдандыруға бет бұруымен және тартымды бағалаулармен осы сегменттегі өсу әлеуеті айтарлықтай болып табылады. Қазіргі тәуекелдердің, соның ішінде нарықтағы құбылмалылықтың және экономикалық сезімталдықтың барына қарамастан, шағын капиталдандырылуы бар компаниялардың акцияларының жалпы болжамы оң болып қала береді. 228 АҚШ доллары деңгейіндегі ең жоғары деңгейге өсу әлеуеті шамамен 11%-ды құрайды. Шағын капиталдандырылуы бар компаниялардың мөлшерлемелерінің аззаюының және өсу әлеуетінің алдағы уақытта пайдасын алғысы келетін инвесторлар IWM-ды өз портфельдеріне тартымды қосымша таба алады.

  1. Cameco Corporation - ядролық энергетиканың өсіп келетін нарығындағы стратегиялық инвестиция сияқты

 Cameco Corporation – ядролық энергетика үшін қажетті уран әлемдік жетекші өндіруші болып табылады. Әлем климаттың өзгеруімен күресу үшін таза энергия саласындағы шешімдерге көбірек көңіл бөлетіндіктен, ядролық энергетика жоқ шығарындыларға қол жеткізуде шешуші рөл атқаруға дайын. Мұндай инвестициялық идея ядролық энергетикаға деген сұраныстың артуына, уран нарығындағы стратегиялық позицияға және оның орнықты дамуға деген ұмтылысына байланысты компанияның өсу әлеуетіне бағытталған.

Cameco Corporation өсіп келе жатқан ядролық энергетика нарығына шыққысы келетіндер үшін тартымды инвестициялық мүмкіндіктен тұрады. Уранға деген әлемдік сұраныстың артуының, ұзақ мерзімді келісімшарттардағы стратегиялық позицияның, Westinghouse Electric-тегі инвестициялардың және орнықты дамуға тұрақты бейілділіктің арқасында Cameco ұзақ мерзімді өсуге жақсы дайындалған. Қазіргі тәуекелдердің, соның ішінде нарықтағы құбылмалылықтың және реттеудегі проблемалардың барына қарамастан, компанияның осы мәселелерді шешуге жауапты тәсілі өзгермелі энергетикалық ландшафтта бағдарлауға қабілетті орнықты бизнес модулін ұсынады. 57,2 АҚШ доллары деңгейіндегі орташа нысаналы бағаға деген өсу әлеуеті шамамен 34%-ды құрайды. Таза энергияға көшудің пайдасын алғысы келетін инвесторлар Cameco-ны өз портфельдеріне тартымды қосымша деп санауы мүмкін.

 

  1. Johnson & Johnson - денсаулық сақтаудағы орнықты көшбасшы

Johnson & Johnson — фармацевтік препараттарды, медициналық аспаптарды және тұтынушылық тауарларды қамтитын, әртүрлі портфелі бар денсаулық сақтау саласындағы әлемге әйгілі денсаулық сақтау компаниясы. Сенімді дивидендтер төлемдері мен өсу тарихы ұзақ дивиденд патшасы ретінде компанияның инвесторларға тұрақты табыс пен капитал өсімін қамтамасыз ету үшін барлық мүмкіндігі бар. Мұндай инвестициялық идея Johnson & Johnson-ның мықты тұстарына, өсу әлеуетіне және жақында корпоративтік қайта құрылымдаудан кейінгі стратегиялық бастамаларға бағытталған.

Johnson & Johnson тұрақтылық пен өсу тарихы берік денсаулық сақтау саласындағы жетекші компанияға қатысу мүмкіндігін іздейтіндер үшін тартымды инвестициялық мүмкіндіктен тұрады. Әр түрлі кіріс көздерінің, дивидендтердің өсуіне, негізгі операцияларға стратегиялық бағытталғандығына және сенімді өнім портфеліне бейілділіктің арқасында Johnson & Johnson ұзақ мерзімді табысқа жақсы дайындалған. Қазіргі тәуекелдердің, соның ішінде сот талқылаулары мен бәсекелестік қысымның барына қарамастан, компанияның проблемаларды шешуге жауапты тәсілі және оның мықты институционалдық қолдауы орнықты бизнес модулін ұсынады. 181 АҚШ доллары деңгейіндегі орташа нысаналы бағаға деген өсу әлеуеті шамамен 10%-ды құрайды. Өсу әлеуеті бар сенімді дивидендтік акцияларды іздейтін инвесторлар Johnson & Johnson-ды өз портфельдеріне тартымды қосымша деп санауы мүмкін.

 

Қыркүйек айы басталғанда біз нарық ландшафты мүмкіндіктер мен сын-қатерлердің үйлесімін көреміз. Инфляцияның азайғанын және пайыздық мөлшерлеменің төмендеу әлеуетін көрсететін экономикалық белгілермен инвесторлар өздерінің стратегияларын қысқа мерзімді тенденциялармен де, сондай-ақ ұзақ мерзімді өсумен де түзетуге мүмкіндік алады. Инновациялық технологиялық алпауыттарды, орнықты көгілдір фишкаларды және нарықтағы бұзушыларды қамтитын көрмеде ұсынылған акциялар алдағы айларға бірегей құндылық ұсыныстарын ұсынады. Сіз дивидендтік ақсүйектер түріндегі тұрақтылықты іздеп жүргеніңізге немесе жасанды интеллект толқынында өсуге ұмытылысыңызға қарамастан, бұл нұсқаларды қарастыруға тұрарлық. Ең бастысы теңдестірілген тәсіл: портфельді әртараптандырыңыз, барлық жаңалықтан хабардар болыңыз әрі икемді болыңыз. Дұрыс тәсіл қолданғанда қыркүйек айы жылды мықты аяқтау үшін басты рөл атқаруы мүмкін.

Тамерлан Абсалямов,  Freedom Finance Global-дың талдаушысы

Ұқсас материалдар