Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Ұлттық банк қазақстандықтарға ескерту жасады

Ұлттық банк қазақстандықтарға ескерту жасады

Ұлттық банк азаматтар мен заңды тұлғаларды сақ болуға және инкассация бойынша қызметтерді жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдардың қызметін пайдалануға шақырады. 

Ұлттық банк құнды заттарды инкассациялау қызметін ұсынатын компаниялардың түрлі интернет-ресурстарда жарияланатын хабарламаларынан сақ болу керек екенін ескертеді.

Себебі олардың арасында тиісті ҚҰБ лицензиясы жоқ компаниялар да кезігіп жатады.

– Өзге ұйымға берілген ҚҰБ лицензиясының реквизиттерін заңсыз пайдаланып жүргендер бар. Сондай деректің бірі өзін "Brinks" Инкассация қызметі" ЖШС деп атайтын ұйым сайтында (оны шетелдік The Brink's Company инкассаторлық компаниясымен шатастыруға болмайды) орналастырылған. Сол арқылы бұл компания өз қызметінің заңды екенін көрсетуге тырысқан. Осындай ұйымдармен шарт жасасып, оларға құнды заттарды инкассацияға беру – тәуекелі жоғары іс, – делінген Ұлттық банк таратқан хабарламада.

Ұлттық банк азаматтар мен заңды тұлғаларды сақ болуға және инкассация бойынша қызметтерді жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдардың қызметін пайдалануға шақырады.

– Белгілі бір ұйымда лицензияның бар-жоғын тексеру үшін ҚҰБ сайтында орналастырылған тиісті лицензиясы бар ұйымдардың ресми тізілімімен танысу қажет. Қандай да бір алаяқтық әрекетке тап болған жағдайда Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына арызбен жүгінуге кеңес береміз, – делінген хабарламада.

Ұқсас материалдар