"Шымбұлақ" тау шаңғы курорты – Іле Алатауы шатқалында 2510 метр биіктікте орналасқан. Таудың кереметтей көрінісі, жұмсақ климаты мен шуағы мол күндердің көп болуы, қар қабатының ұзақ уақыт жатуы туристер мен тау шаңғы спорты әуесқойларын еріксіз өзіне тартады.
Фото: almaty-travel.kz
Шуақты күндері Шымбұлаққа мыңдаған демалушылар ағылып келіп жатады. Шаңғышылар мен сноубортшылардың сүйікті мекеніне айналған курортта отырғышы бар көтермелермен Талғар асуына (теңіз деңгейінен 3163 м биіктіктегі) шығуға болады. Тыныш, жайлы демалысты қаласаңыз курортта қонақ-үй, мейрамхана, боулинг және сауна моншасы бар.
Қалай жетуге болады?
- Автомобильмен «Медеу» бекетіне дейін, одан әрі "Шымбұлақ" тау шаңғысы кешеніне дейін гондольды жолмен;
- №12 автобуспен ,ДОСТЫҚ-ҚҰРМАНҒАЗЫ аялдамасынан "Медеу" базалық станциясына дейін (күн сайын 7:00-ден 20:00-ге дейін), одан әрі гондольды жолмен "Шымбұлақ" тау шаңғысы кешеніне дейін;
- «Медеу» бекетінен экотакси арқылы.
Қалай жетуге болады?
- №12 автобуспен, ДОСТЫҚ - ҚҰРМАНҒАЗЫ аялдамасынан күнделікті сағат 7: 00-ден 23: 30-ға дейін (күнделікті 30 минут сайын және демалыс күндері 20 минут сайын) биік таулы "Медеу"спорт кешеніне дейін.
- Көлікпен Әл-фараби даңғылынан "Медеу" биік таулы спорт кешеніне дейін Достық даңғылы бойымен оңтүстікке 14 км.
Климаты өзгеден ерек демалыс орнына барар болсаңыз қалың киіміңізді ұмытпағаныңыз жөн. Өзіңізбен фотоаппарат алып алсаңыз тіпті керемет, себебі мұндағы келген әрбір қонақ фотосесия ұйымдастырмай кете алмайды.
Қалай жетуге болады?
- № 28 автобуспен Президент паркі аялдамасынан соңғы Орбита аялдамасына дейін, одан әрі жаяу, бірақ жол ұзақ.
- Президент паркі аялдамасы жанынан таксимен трубаға дейін (400-500тг адам басына) немесе көлге дейін ( адам басына 1000 тг) баруына болады.
Фото: tabagan.com
Табаған барлық отбасы мүшелерімен бірлесіп демалуға арналған керемет орын. Мұнда жылдың төрт мезгілінде де келуге болады. Қыстың күні демалыс кешені қонақтарына төмендегідей қызмет түрлерін ұсынады: - мұз айдыны; - шана трассасы; - ұзындығы 1 км парнокресельді арқан жолы; - 2 бугельді-креслолы көтергіш (400 және 600 м)); - шаңғымен және сноубордпен сырғанауға арналған күрделілік дәрежесі әртүрлі 11 трассалар (трассалардың жалпы ұзындығы – 37 км); - шаңғымен жүгіруге арналған трассасы.
Қалай жетуге болады?
- Алматыдан Талғар трассасы арқылы Бесқайнар кенті жетуге болады, оның жанында "Табаған"ҚРК орналасқан.
3000 адамға дейін қызмет көрсететін бұл курортта келген қонақтарға барлық жағдай жасалған.Әсіресе, отбасыңызбен, достарыңызбен демалатын таптырмас орын. Кешенде қалай дем алу өз таңдауыңызда, ал "Лесная сказка" сіздерге ертегідей мүмкіндіктер сыйлайды:
- сноубордта сырғанау;
- сноутьюбинг;
- мұз аренасы;
- тау шаңғысы трассасы (ең жоғарғы биіктігі-1 650 м, еңісі-35-тен көп емес, doppelmayer бугельді көтергіші, бугель ұзындығы – 0,5 км);
- тау шаңғысы мектебі (балалар мен ересектер үшін);
- трекинг;
- троллей паркі;
- ат серуені, иппотерапия;
- балалар тау шаңғысы клубы (5 жастан асқан балалар үшін шаңғымен сырғанауға үйрету).
- Талғар трассасы басталатын жол айрықтан бастап,Қотырбұлақ шатқалына оңға бұрылып, одан жоғары тікелей Табағаннан 6 км жоғары жүреді.
- Сенбе және жексенбі күндері Орталық стадионнан (Абай даңғ) сағат 8:45-те автобус(адам басына 1500тг) жүреді.
Қалай жетуге болады?
- Құлжа трассасы бойымен, Панфилов ауылынан кейін, Еңбекші ауылына жетпей, солға қарай бұру керек. Төңкеріс ауылынан оңға қарай бұрылып, 2,8 км – ден кейін тағы да оңға бұрыңыз және 1 км-ден кейін кешене жетесіз.
Фото: ak-bulak.kz
«Ақ Бұлақ» тау шаңғы курорты – Талғар тауларының етегінде, теңіз деңгейінен 1600 метр биіктікте орналасқан. Еліктіріп әкететін табиғат көріністері, таңдаулы демалыс, атпен серуендеу, арқан жолы, тау шаңғысы және сноуборд трассалары тәрізді қызметтер ұсынылады. Ақ Бұлақ Швейцарияның ең үздік курорттарымен бәсекелесетін, Алматы қаласының маңындағы бірегей курорттық орын. Курортта «Ақ Бұлақ» жабық мұз айдыны өзінің тегіс айдынымен қонақтарға ерекше сезім сыйлайды. Қазіргі уақытта тау шаңғысы курортында 5 көтергіш жұмыс істейді: 2 арқанды-креслолы жолдар (800 м және 1350 м), арқанды-гондольды жолдар (2351 м), арқанды-бугельді жолдар (250 м) және бэби-лифт (200 м) – сноутьюбинг трассасына көтерілу үшін.
Қалай жетуге болады?
- Алматыдан Құлжа немесе Талғар тас жолы арқылы Талғар қаласынан өтіп, Рысқұлов ауылына апаратын жолға бұрылу керек.