Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Ресей-Қазақстан газ құбыры 2030 жылы іске қосылады

Ресей-Қазақстан газ құбыры 2030 жылы іске қосылады

Ресейден Қазақстанға газ жеткізетін «Ишим-Астана» магистральдық құбыры 2030 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істей бастайды.

Бұл туралы Қазақстанның Ресейдегі елшісі Даурен Абаев «Комсомольская правда» басылымына берген сұхбатында мәлімдеді.

Елшінің айтуынша, жоба Қазақстанның солтүстік өңірлерін газбен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар Қазақстан аумағы арқылы Ресей газын Өзбекстанға транзиттеу көлемі де кезең-кезеңімен ұлғайып келеді.

Даурен Абаев бұл бастама өңірлік энергетикалық қауіпсіздікті күшейтіп, өнеркәсіптің дамуына, бизнес ахуалдың жақсаруына және халықтың өмір сапасының артуына ықпал ететінін атап өтті.

Сондай-ақ ол 2025 жылы «Росатом» Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясын салу бойынша консорциум жетекшісі болып таңдалғанын еске салды.

Дипломаттың мәліметінше, 2025 жылы Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 24,1 млрд АҚШ долларына жеткен. Өткен жылы 616 млн доллар көлеміндегі 14 бірлескен жоба іске қосылып, жалпы инвестициясы шамамен 57 млрд доллар болатын 175 жоба жүзеге асырылып жатыр.

Бұдан бөлек, Мәскеуде Қазақ ақпараттық-мәдени орталығын ашу жұмыстары жүргізілуде. 

Ұқсас материалдар