Нұр-Сұлтан. 1 шілде. 7kun.kz – Елдар Теңізбаев ресейлік Сбербанктың қазақстандық еншілес ұйымының басқарма төрағасы қызметінен кетеді, Нұрсұлтан Тасқаранов банктің басшысы қызметін уақытша атқарады, деп хабарлады Сбербанк Қазақстан банкінің баспасөз қызметі.
Тасқаранов осы лауазымға үміткерлерді іріктеу кезеңінде банктің басқарма төрағасы қызметін атқарады.
Теңізбаев Сбербанкте 10 жылдан астам жұмыс істеді. 2020 жылы ол банктың Басқарма төрағасы болып тағайындалды.
Айта кетейік, Қазақстан Үкіметі "Бәйтерек" холдингі атынан Ресеймен Сбербанктің еншілесін сатып алу туралы келіссөздер жүргізіп жатыр. Ресейлік Сбербанкте мәмілені 2022 жылдың 10 шілдесіне дейін аяқтауды жоспарлап отырғаны хабарланды.
ВТБ, Альфа-Банк және Сбербанктің қазақстандық еншілестері наурызда АҚШ-тың санкцияларына ұшыраған еді.
ҚР Ұлттық Банкінің мәліметінше, 2022 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Сбербанктің еншілес ұйымы елдегі 22 банк арасында активтерінің көлемі бойынша 7-ші орында тұр.