Өзбекстан «Өзбекғарыш» агенттігі мен қытайлық STAR.VISION компаниясы қол қойған меморандум аясында 2026 жылы Қытайда жасалатын «Samarkand-2028» жерді қашықтықтан зондтау спутнигін ұшыруға қатысады.
Спутник гиперспектралдық жабдықпен және жасанды интеллект модулімен қамтамасыз етіледі. Өзбекстан тарапынан ауыл шаруашылығы дақылдарын, атап айтқанда мақта мен астықты анықтайтын AI модельдері ұсынылады. Ал Қытай спутниктен алынған суреттерді жеткізумен айналысады.
Бұл технология суреттерді тікелей орбитада талдауға мүмкіндік береді.
Атауы «Samarkand-2028» деп белгіленген спутник 2028 жылы Самарқандта өтетін аэронавтика саласындағы ірі халықаралық форуммен байланысты таңдалған.





