Англияға кемінде бір рет барудың 5 себебі

854
Англия
Фото: triplook.me

Саяхат әуесқойлары үшін Еуропа елдерін аралау — басты функттердің бірі. Себебі, батыстық тарих пен өркениет өз алдына бөлек әлем, әсіресе, ағылшындардың өмірі ерекше қызығушылық тудырады. Осы ретте 7kun.kz сапар бағытын Англияға бұрудың 5 себебін көрсетеді.

1.Ғажайыптар әлеміне енесіз

Англия ғажайыптар мен ерекше ғимаратардың мекені. Бір Лондон қаласының сұлулығын айтайық. Дегенмен, мұнда қала сұлулығынан да өзге сиқыр мен магияға толы жерлер бар.

Англияны тамашалауға келген кез келген саяхатшының арманы Хогвардсқа кіру. Ол — «Гарри Поттер» әлемінің сиқыршыларына арналған оқу орны. Негізінен, Хогвардс аумағына кіру оңай.

Фото: www.spew-review.com

Келушілер «Хогвардс-экспресс» мен атақты 9 және ¾ платформаларын көре алады, Косомпереулкеде шоппинг жасап, сиқырлы мектептің оқушылары мен мұғалімдері жиналған Үлкен залда отырып, керемет тіршілік иелері өмір сүретін Тыйым салынған орманға барып, профессор Дамблдордың жобаланған кабинетіне, Гарри Поттер үйі мен Дурслей үйіне, Хогсмид ауылына, Хижина мен совиной поштасымен кіре алады.

Сондай-ақ, туристерге Үлкен залда барлық төрт факультеттің (Гриффиндор, Слизерин, Когтевран, Пуффендуй) түскі үстелдерінен ас ішіп, мистер Уизлидің ұшатын автомобилін, фильмге арналған сызалар мен макеттерді, түсірілім үшін арнайы жасалған Хогвартс директорларының портреттерін, Сиқырлы қалпақты, Гриффиндор семсерін және басқа да сиқырлы реквизиттерді тамашалап, «Тәтті Корольдікте» әр түрлі тәттілерден дәм татып, «Үш сыпырғыш» атты барда сары сыраны ішуге мүмкіндік беріледі.

Фото: hudocamall.xyz

«Гарри Поттер» әлеміне студиялық тур қиял ғажап әлеміне тап болғандай әсер береді. Бұл жерге кірген адамдар магияның құдіретін сезіне алады.

Сондай-ақ, экскурсия кезінде барлық тілек білдірушілердің сиқырлы тәттілерді (шоколад бақасы, түрлі дәмі бар мұздықтар, жалбызды бақа) және кілегей сусыннан ауыз тие алады.

2.Англия дәмінен ауыз тию

Әдетте, туристер қандай елге саяхаттаса да, ең алдымен сол мемлекеттің асханасына назар аударатыны рас. Себебі, тағамдар ұлттық ерекшеліктердің бірі болып саналады. Англияның асханасы соншалықты бай деп айтуға келмейді, алайда бұл елде тағамдардың дәмін тату оңай әрі жағымды. Мұнда Мишлен жұлдыздары бар ең жақсы мейрамханалар орналасқан. Бірақ бюджеттік кафелерде жеңіл тамақтануға болады. Ең бастысы — барлық ұлттық дәмдерді тату.

Ағылшындардың «фишкасы» — қағазға оралған тамақтар. Мұндай қаптамада тек сэндивичтерді ғана емес, сонымен қатар дәстүрлі тағамдарда сатылады: фри картоп қосылған балық немесе ет пен бүйрек қосылған пудинг. Бәліштер Англияда өте танымал.

Ұлттық тағамдарға шошқа еті бар Лестершир бәліштері, «норкадағы бақа» және трайфл жатады.

Фото: englandlife.ru
Фото: twitter.com

3. Нағыз классиканы тамашалау

Бүкіл әлемге белгілі адамдардың дәстүрлі көрікті орындары мен тұрғын үйлері дәл Англияда орналасқан. Британ аралдары саяхаттауды жақсы көретіндер үшін өзінің тылсым табиғаты мен әдемі келбетін айқара ашады.

Жазушы Н. Готорнның айтуынша, Оксфордта елдегі ең үздік көше орналасқан – көптеген колледждер мен көне шіркеулері бар HighStreet. 23 метрлік Карфакс мұнарасынан бүкіл қаланың таңғажайып көрінісін тамашалауға болады. Бұл 13 ғасырда салынған Сент-Мартин шіркеуінің жалғыз қалған бөлігі.

Фото: uah.edu

Көше бойындағы тарих мұражайы ерекше назар аударады, онда «Ғажайып әлемдегі Алиса» атты әдеби кештер жиі өткізіліп тұрады. Бұл кездейсоқтық емес. Өйткені, кітаптың авторы Л.Кэрролл дәл Оксфордта білім алған.

Брайтон — елдің ең ірі курорты. Мұнда Жаңа әлемнің әдеби элитасы демалады. Бұл жердің бүкіл сұлулығын бағалауға BritishAirways i360 мұнарасы көмектеседі. Қалашықтың алаңы мен құрылыстары Регенттік дәуірдің кітап әлеміне қайта оралғандай сезімге бөлейді.

Фото: www.search1.co.uk

Сонымен қатар, HighStreet-те Георг IV королінің ерекше жазғы резиденциясы, сарай пирсі, корольдік павильоны және жыл сайын Брайтон фестивалі өтетін театр бар. Әлемнің түкпір-түкпірінен әртістер комедиялық шоу, жеке, оркестрлік, джаз және шіркеу концерттерін ұйымдастыру үшін осында бағыт алады.

Ал Лондон өзінің классикалық туристік бағыттарымен де әйгілі: Тауэр көпірі, Биг Бэн, Трафальгар алаңы, Букингем сарайы, Вестминстер аббаттығы. Оларды жаяу серуендеу қана емес, сондай-ақ әйгілі LondonEye паромдық дөңгелегіндегі құстардың көзімен де көруге болады.

Фото: wanderlust.co.uk
Фото: 1zoom.ru

Лондонда тарихи тұлғаларға арналған мемориалдық орындар да жетерлік. Олардың қатарына У. Черчилльдің әскери бөлмелерін, мадам Тюссо мұражайын, Лондон қараңғылын, З. Фрейдтің мұражай үйін, Б. Франклиннің үйін кіргізуге болады.

Таңқаларлығы, орталықтық кейбір аудандары мегаполистен басқа қалаға ұқсайды. Мысалы, Гринвич. Ол Лондонның оңтүстік-шығысында орналасқан. Бұрында аталмыш қала балықшылардың шағын ауылы болған, қазір — аралдардың теңіз қақпасы. Мұнда ғажайып сұлулық паркі, Корольдік обсерватория, Ұлттық теңіз мұражайы, Патшайымның сарайы, Әулие Петр мен Павел шіркеуі бой көтерген.

Фото: delfa.com.ua

4.Британдықтардың мерекелерін бөлісу

Англия өзінің керемет және қызықты мерекелерімен танымал. Мәселен, ел Патшайымының туған күніне арналған көше кештері қандай? Шындығында, оның екі туған күні бар: нақты (21 сәуір) және ресми (маусымның басында). Осындай айтулы күннің құрметіне жыл сайын Букингем сарайының жанында әскери, жылқы және музыканттардың қатысуымен театрландырылған шеру өтеді.

Фото: bellanaija.com

Glastonbury музыкалық фестивалі рухты көтереді. Мереке жылда Галстонбери қаласының маңында жеке фермада өтеді, сондай-ақ жаз мезгілінде тойланады. Оның ерекшелігі — біртұтас кеңістікте және бір уақытта түрлі жанрдағы музыка естіледі. Көрермендер шатырлы лагерьде тұрып, ауылдық жердің сұлулығын тамашалайды. Осындай көңілді кештің куәгері атануды қаласаңыз, алдын ала өтетін уақытын анықтап алған жөн. Мысалы, биыл Glastonbury 26-30 маусым аралығында тойланды.

Фото: standard.co.uk

Ағылшындармен бір деңгейде Регата Хенлиді тамашалауға болады, ол Ұлыбритания жерінде 200 жыл бойы өткізіліп келеді. Халықаралық жарыс шілде айының бірінші уикендінде басталып, бес күн бойы жалғасады. Жаңа спортшылар және Олимпиада чемпиондары жиналған 200-ден астам экипаж Король кубогы үшін таласады.

Сонымен қатар, Англияда ерекше бояу мерекесі ұйымдастырылады — Ноттинг-Хилль карнавалы. 2019 жылы ол 24-26 тамызда өтті. Лондон ауданы үш күнге нағыз Кариб аралдарына айналады. Көшелерден ұлттық киімдер киген адамдар өтеді, регги аралдарына арналған дәстүрлі әндер шырқалады. Жиналған көпшілік румба стилінде қозғалады және Кариб теңізінің тағамдарын (бұқтырылған ешкі еті, меренга, каллалу) сынап көреді.

Фото: etot-prazdnik.ru

5. Шынайы Англияға сапар шегу

Ағылшындардың шынайы өмірімен, тұрмыс тіршілігімен танысу үшін ол мекендерге арнайы сапар шегу. Бұл ретте туристерге Бибури және Касл Комб ауылдарына баруға кеңес береміз. Бұл жерлердің тұрғындары жылдың кез келген мезгілінде туристерді бар қадір-сыйымен күтіп алып, нағыз ағылшындық қызмет көрсетеді.

Фото: lifehack.org

Бибури — Англияның ең көне ауылдарының бірі, ол туралы алғашқы рет 1086 жылы жазылған. Сол уақыттан бері мұндай айтарлықтай ешнәрсе өзгермеген, тек телефон, антенна және көліктер ғана пайда болған. «Ойыншық» үйлер атанған тастан жасалған үйлер алғашқыда тоқымашылар үшін арнайы салынған, олардың көпшілігі XVII ғасырға жатады. Мұндай үйлер әлі де өз келбетін сақтап, туристердің сүйікті мекеніне айналған.

Фото: m.wikidata.org
Фото: liveinternet.ru

Ауыл тұрғындардың негізгі табысы туризм мен балық кәсіпшілігі. Бұл жерде қоғамдық көлік жүрмейді, сондықтан «ойыншық» үйлерге жету үшін автокөлікті жалға алу керек.

Фото: planetofhotels.com

Касл Комб — Англияның ең әдемі ауылы, мұндай мәртебені де бекер алмаған. Оның таңғажайып және ерекше көрінісі тіпті ең қытымыр туристі де бей-жай қалдырмайды. Мұнда әр қадамда көне үйлер кездеседі, тарихи және фантастикалық фильмдердегі көрініс секілді. Тіпті, осындай сұлулықтың шын мәнінде бар екеніне көрген адам сенбейді.

Фото: travel.earth

Уилтшир графтығында орналасқан ауыл туристерді өзінің тыныштығы мен сұлулығымен, сондай-ақ ортағасырлық ғимараттардың тамаша мысалдарымен, соның ішінде ортағасырлық шіркеумен тартады.