Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

«Теңізшевройл»-ға 53,7 млн теңге айыппұл салынды

«Теңізшевройл»-ға 53,7 млн теңге айыппұл салынды

Атырау облысында Теңізшевройл компаниясы экологиялық талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Облыстық экология департаментінің мәліметінше, кәсіпорын ластаушы заттардың шығарындылары бойынша белгіленген нормативтерді асырған. Заңбұзушылық тиісті құжаттар негізінде анықталып, компанияға қатысты әкімшілік іс қозғалған.

Іс материалдары Жылыой аудандық соты қарауына жіберіліп, 2026 жылғы 20 сәуірдегі қаулымен компания кінәлі деп танылды.

Сот шешімімен «Теңізшевройл»-ға 53,7 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

Ұқсас материалдар