Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Ұлттық қордан 7,8 млрд доллар трансферт бөлінді

Ұлттық қордан 7,8 млрд доллар трансферт бөлінді

Биылғы қаңтар-қараша айлары аралығында Ұлттық қордан республикалық бюджетке 7,8 млрд доллар көлемінде трансферт аударылды.

Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді.

Оның айтуынша, осы кезеңде алтын сатып алу операцияларын теңестіруге қосымша 6,4 млрд доллар бағытталған. Қабылданған шаралар валюта нарығындағы тұрақтылықты сақтауға мүмкіндік берген.

Сонымен қатар Ұлттық банк басшысы елдің ағымдағы шот тапшылығының ұлғайғанын атап өтті. Өткен жылдың тоғыз айында тапшылық 4 млрд долларды құраса, биыл бұл көрсеткіш 7 млрд долларға дейін артқан.

Тимур Сүлейменовтің айтуынша, аталған өзгеріс сауда балансы профицитінің қысқаруымен байланысты.

Ұқсас материалдар