
Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды отандық және шетелдік инвесторлардың қатысуымен инвестициялық штаб отырысын өткізді.
Жиын барысында қаланың экономикалық дамуына серпін беретін 8 жоба талқыланды.
Ұсынылған жобалар фармацевтика, құрылыс, туризм, тұтыну тауарлары өндірісі, сондай-ақ ақпараттық технологиялар мен цифрландыру салаларын қамтиды.
Қала әкімі индустриялық аймақтарда жүзеге асырылатын жобаларды іріктеу кезінде келесі талаптарға ерекше назар аударылуы тиіс екенін атап өтті:
-
жоғары қосылған құнға ие болуы,
-
экспорттық әлеуетінің болуы,
-
инновациялық технологияларды енгізуі.
«Әрбір инвестициялық жоба Алматыға тек экономикалық пайда ғана емес, нақты әлеуметтік нәтиже әкелуі тиіс. Бұл – өндірістің дамуы, салық түсімдерінің артуы және жаңа жұмыс орындарының ашылуы. Біздің басты мақсатымыз – берілген әрбір жер учаскесі қаланың және оның тұрғындарының игілігі үшін жұмыс істеуі», – деді Дархан Сатыбалды.
Жоба аясында әкімдік инвесторлармен ашық әрі тиімді әріптестік құруға дайын екенін білдірді. Отырыста қаралған бастамалар алдағы уақытта Алматы қаласының экономикалық өсімінің жаңа драйверлеріне айналуы мүмкін.