Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Мемлекеттік қарызды басқару жөніндегі кеңес құрылды

Мемлекеттік қарызды басқару жөніндегі кеңес құрылды

Қазақстанда мемлекеттік қарызды басқару саясатын үйлестіруге арналған Мемлекеттік қарызды басқару жөніндегі кеңес құрылды. 

Бұл туралы Ұлттық банк хабарлады.

Консультативтік-кеңесші орган Ұлттық банк, Қаржы министрлігі және Ұлттық экономика министрлігінің бірлесуімен құрылған. Кеңес макроэкономикалық жағдай мен қарыз тұрақтылығын ескере отырып, мемлекеттік қарызды басқару бойынша келісілген тәсілдерді қалыптастыруды көздейді.

Ұлттық банктің мәліметінше, кеңестің негізгі міндеттері — бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін қарыз алу құнын төмендету, мемлекеттік бағалы қағаздардың ішкі және сыртқы нарықтарын дамыту, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор мен корпоративтік эмитенттер үшін кірістілік бағдарларын айқындау.

Сонымен қатар мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының тереңдігі мен өтімділігін арттыруға ерекше назар аударылады.

Ұқсас материалдар