Қазақстанда кәсіп бастағысы келген адамдардың алдынан шығатын басты мәселе - қаржыландыру. Көпшіліктің іздейтіні шағын несие.
Бизнес бастағысы келген немесе қолданыстағы бизнесті кеңейткісі келетін адамдарға мемлекеттік бағдарламалар арқылы пайыздық жеңілдікпен шағын несиелеудің түрлі механизмдері қарастырылған. Қомақты сомада берілетін арзан несиені алуға барлығы зәру, алайда мұндай қаражатты алудың өз шарттары бар. Мәселен, «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы арқылы қысқа мерзімді: «Бизнес-Кеңесші», «Бизнес-Өсу», «Бизнес-Мектеп» курстарын оқып, берілген сертификат арқылы кәсіпкерлікті қаржылай қолдаудың қаржы институттары арқылы жеңілдікпен несие алуға болады. Жобаңыз инновация бағытанда болса, мемлекеттік грант алу да қарастырылған. Аталған құрауыштардың қаржылай емес операторы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы.
2016 жылдың 28 маусымында «Атамекен» ҰКП өзінінің тәжірибесі негізінде шағын несиелеуді бір ізге түсіру бойынша Үкіметке ұсыныс жасаған болатын. Осы кезеңде Ұлттық палата шағын кәсіпкерлікті микронесиелеу бағдарламасын іске қосып, оны жекеменшік капитал мен демеушілік қаражаттың есебінен 1,5 млрд теңге тартылып, бес өңірде – Алматы, Ақтөбе, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау облысында шағын несиелеу жүргізілді. Шағын несиелеу ауыл-аймаққа бағытталды, сыйақы мөлшерлемесі жылдың 6-7%-ды құрады.
Ал, 2017 жылдың шілдесінде қолданысқа берілген 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бастамасымен іске қосылған «Бастау» жобасы кәсіпкерлік негіздерін оқу, жеңілдікпен шағын несиеу алудың, әсересе ауыл-аймаққа бағытталған анағұрлым тиімді жоба болды.
«Атамекен» ҚР ҰКП жасаған талауына сәйкес соңғы 5 жылда шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері құрған жұмыс орындарының саны 2,5 есе артты. Демек, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы тиімділігін көрсетуде.
Уақытпен сыналған карта
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыруға 2010 жылдан бері 339,4 млрд теңге төленген. 2017 жылы 47,1 млрд теңге көлемінде қаражат қарастырылған. Ал 2018 жылдың 1 қаңтарында 2287 жобаға 248,64 млрд теңге қаржылай көмек берілді.
2017 жылдың қорытындысы бойынша «Бизнестің жол картасы-2020» аясында 286 млрд теңгеге несиелер арзандатылды және кепілдендірілді, 23 мың кәсіпкер оқытылды. Қолдау алған барлық бизнес субъектілерінің саны 192 мың бірлікті құрады, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 10,3%-ға көп.
Шағын және орта кәсіпкерлік дамуында нағыз катализаторға айналған аталмыш картаның қызмет ету мерзімі Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жасаған жолдауына сәйкес 2025 жылға дейін ұзартылды.
Жаппай нәтиже
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер берген мәлімет бойынша Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының желісі бойынша 500 мың адамға қолдау көрсетілді, оның ішінде 315 мың адам тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз етілді.
Аталған бағдарламаның тиімді 4-ші бағыты «Бастау» 2017 жылы республиканың 80 ауданында жүргізілді. Бірінші жылдың өзінде модульдерге құралған бағдарламаға аудан, ауыл тұрғындары қызығушылық танытты. 2017 жылы 15 000 өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз азамат оқытылды. 2017 жылдың 5 желтоқсанындағы жағдай бойынша оқытудың 6 легі аясында 3 314 адам бизнесін бастады немесе кеңейтті. Алайда бизнес-жобасын сәтті қорғағандар саны 8 мың адамнан асты, демек 5 мың адам қарастырылған қаражаттың жетіспегені себепті қаражатты ала алмады. Оларды жеңілдікпен несиелеу 2018 жылы жалғасты.
Биыл «Бастау» республиканың барлық 160 ауданын қамтыды, осы мақсатта бизнес-тренерлер пулы толықтырылды. 2018 жылға жоспарлар екі еселенеді: оқытудан өтетіндер саны 30 000 адамға дейін ұлғайды. Ұлттық палатаның берген мәліметі бойынша қазіргі таңда «Бастау» жобасы бойынша 19 200 адам оқып үлгерді.
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының міндеті – адамдарды іскерлік ортаға енгізу, олардың отбасын асырауға үйрету. «Бастау» бойынша биыл оқыған 19 мың адамның 58%-ы – жұмыссыздар, 7 мыңнан астамы – өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, және бірнеше пайызы – жұмыс істеуі үш жылдан аспайтын жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлер. Биыл 4,1 мың адам шағын несие алған.
Шағын несиелеу «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау» қоры, «Агронесиелеу корпорациясы», екінші деңгейлі банктер арқылы жүзеге асырылуда. Жоғарыда айтылып кеткендей, 2018 жылдың 5 желтоқсанына қарай «Бастау» жобасының қатысушылары 6 000 кем емес стартап-жобалардың іске қосылуын қамтамасыз ететін болады. Оған 2,4 млрд теңге қарастырылған.
2018 жылы шілдеде ҚР ҰЭ министрі Тимур Сүлейменов ШОБ-ты шағын несиелеудің балама институтын құруды ұсынды. Осыған орай, «Атамекен» ҰКП «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша бөлінген қаражатты жұмылдыра отырып, 10 облыста МҚҰ құру мәселесін қарастыруда. ҚР Ұлттық экономика министрі Т.М. Сүлейменов тікелей шағын несиелеу ұйымдарын облыс әкімдіктерімен бірлесуі арқылы Бағдарлама бойынша стартап-жобаларды микронесиелермен қамтамасыз ету жөніндегі осы схеманы қолдайды.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен төртінші әлеуметтік бастама негізінде шағын несиелеуді кеңейту үшін 2018 жылы шағын несиелеу қаржысы 20 млрд теңгеге дейін артты – барлығы 62,6млрд теңге. Оның 45,3 млрд теңгесі, яғни 72%-ы ауылдық жерге бөлінеді, ал қалаға – 17,3 млрд (28%). 2018 жылдың 1 шілдесіндегі мәлімет бойынша жылдық жоспардың 24%-ы, яғни 14,8 млрд теңгесі игерілді, оның ішінде 8,8 млрд теңге ауылда, ал қалаға – 6 млрд теңге берілген. Бұл бірінші жарты жылдық жоспарының 90%-ы.
Жыл басынан бері 3027 шағын несие берілді, оның ішінде стартап жобаларын қолдауға – 1567 шағын несие, зәкірлік кооперацияның жаңа бағытын дамытуға – 74 шағын несие және жеке бизнесті кеңейтуге – 476 шағын несие берілді. Жалпы биыл 14 мыңнан астам адам шағын несиемен қамтылады деп күтілуде. Ауылдағы шағын несиелердің орташа көлемі – 3,6 млн теңге, қалаларда –11 млн теңгені құрайды. Жалпы, шағын несие алушылар қосымша 1808 жұмыс орнын ашты.